ПОДЕЛИТЬСЯ
16 июля 2020 | 11:19
Алматы мен Атырауда коронавирус жұқтырғандар көп - ДСМ
Қазақстанда өткен тәулікте елімізде 1 674 жаңа жағдай тіркелді. Өсім 2,6 пайызға тең болды. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасында бүгінде коронавирус инфекциясымен 65 188 жағдай тіркелген. Оның ішінде 32 248 науқас симптомдармен, 25 688 науқас емін жалғастырып жатыр. 39 066 сауығып шыққан. Соңғы аптада 6-12 шілде аралығында республикада 11 325 жағдай тіркелген. Өткен аптамен салыстырғанда саны 6,7 пайызға өскен. Өткен тәулікте елімізде 1 674 жаңа жағдай тіркелді. Өсім 2,6 пайыз болды. Жаңа жағдайларлың көбі Алматы қаласында тіркелген - 219 жағдай және Атырау облысында 218 жағдай тіркелген. Ең үлкен өсім Солтүстік Қазақстан облысында байқалды - 5,1 пайыз және Шығыс Қазақстан облысында 3,9 пайыз. Жалпы республика бойынша 25 688 науқас, оның ішінде 192 бала емделіп жатыр. Оның ішінде стационарда 9 966 науқас болса, амбулаториялық жағдайда 15 722 науқас", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 188-ге жетті. 39 066 науқас дертінен айықты, 375 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также