12 января 2024 | 09:43

Алматы облысында қолдан ішімдік жасап ішкен 3 адам қайтыс болды

Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Жаңа жыл тойлаудың арты жаназамен аяқталды. Алматы облысы Шонжы ауылында белгісіз ішімдіктің кесірінен жаңа жылды бірге қарсы алған 6 адамның үшеуі қайтыс болып, енді бірінің көзі көрмей қалған. Марқұмдармен дастархандас болған куәгер не дейді? Мәселенің мән жайын Ұйғыр ауданына арнайы барған Massaget.kz тілшісі біліп қайтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа жыл тойлаудың арты жаназамен аяқталды. Алматы облысы Шонжы ауылында белгісіз ішімдіктің кесірінен жаңа жылды бірге қарсы алған 6 адамның үшеуі қайтыс болып, енді бірінің көзі көрмей қалған. Марқұмдармен дастархандас болған куәгер не дейді? Мәселенің мән жайын Ұйғыр ауданына арнайы барған Massaget.kz тілшісі біліп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

3 қаңтар күні жаңа жылды тойламақ болған үш отбасы Ақсу ауылында бас қосады. Жақындарының айтуынша сол кештен кейін денсаулықтары күрт нашарлаған. Алайда 4 қаңтар күні кешке дейін дәрігерге жүгінуді жөн санамапты. Артынша бірінен соң бірі аурухана төсегіне таңылған.

Реклама
Реклама

"4 қаңтар күні кешкі 21:30 шамасында 3 науқас ауруханаға түсті. Екі келіншек ес-түссіз жатты. Олардан сынама алу мүмкін болмады. Үшінші науқас та есін дұрыс білмеді. Барлығы реанимация бөліміне жатқызылды. Ертесіне тағы 2 адам ауыр хәлде ауруханаға түсті. Олардың барлығы 3 қаңтар күні бір дастарханнан тамақ ішкен. Науқастарда жүрек айнуы, құсу, бас айналу, қан қысымының төмендеуі секілді уланудың белгілері болды. Сынама алу мүмкін болмағандықтан неден уланғаны белгісіз", - дейді Ұйғыр ауданы орталық ауруханасы инфекция бөлімінің меңгерушісі Камила Құрбанова.

Марқұмдардың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Алайда ауыл ішінде "марқұмдардың бірі құс фабрикасында жұмыс істейді, сол жерден жемге қосатын спиртті алып ішкен" деген қауесет сөз бар.

"Ауылда резонанс тудырған жаңалық болды ғой. Біздің естігеніміз бойынша құс фермасында жұмыс істейді екен. Сол жерде жемге қосып беретін спирт сияқты сұйықтықты әкеліп ішкен екен. Біреулер саңырауқұлақтан, баклажаннан уланған дейді. Анығын нақты білмейміз", - дейді ауыл тұрғыны Сәуле Абдикаримова


Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Уланғандар біреуі 5 қаңтарда, екіншісі 7 қаңтарда енді бірі 10 қаңтарда көз жұмыпты. Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін жаназа болып жатқан шаңыраққа бардық. Қайтыс болған келіншек мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақ береді екен. Артында 9 және 5-сынып оқитын қос ұлы қалған.


Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Ал марқұмның қайынатасы сараптама қорытындысы шықпайынша ештеңе айта алмайтындарын жеткізді. Оқиғадан аман қалған жалғыз куәгер Радим Мәліков сол жиында ащы сусын ішпеген жалғыз адам екен.


Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

"Бәріміз бір дастарханда отырып ішіп жедік. Неден уланғанын білмеймін. Бірақ дастарханға қойылған тамақтардың бәрін жедім. Бірақ дастарханда саңырауқұлақ болған жоқ. Мен өзім арақ ішпейтін адаммын. Қалғандары ішті, ішпеді емес. Техникалық спирттен уланды деген қауесеттің қайдан шыққанын білмеймін. Қандай арақ құйғанын білмеймін. Үстелдің астынан алып құйып отырды", - дейді марқұмның күйеуі, куәгер Радим Мәліков.


Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Бақилық болған жандарға алғашында батулизм диагнозы қойылған. Кейіннен шығу тегі белгісіз, таңбаланбаған спирттік ішімдіктен улануы мүмкін екені айтылды.

"Кеше біз алкогольді сусынның құрамыннан көп мөлшерде фузель майы мен күрделі эфирлердің анықталғаны жайлы хабарлама алдық. Олар әдетте техникалық спирттің құрамында кездеседі. Ал техникалық спирт тұнып тұрған у. Оны әдетте өндірісте қолданады. Адам тұтынған жағдайда ішкі мүшелерді терең зақымдайды, бөртпе тіндерін, бауырды және басқа орталық жүйке жүйесіне зиянын тигзеді. Кей жағдайда адамның көзі көрмей қалуы мүмкін. Ал азық-түлік өнімдерінен уланғаны немесе уланбағаны жайлы сараптама қорытындысы 3 күннен кейін белгілі болады", - Ұйғыр ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Музафархан Тухметов.

Тексерістен кейін марқұмдардың өліміне техникалық спирттің себеп болғаны дәлелденіп отыр. Десек те ащы су ауылға жақын маңдағы құс фабрикасынан әкелінбеген болып шықты. Себебі өндіріс орнының басшылары уланған азаматтардың мекемеде жұмыс істемейтіндерін айтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная