27 марта 2020 | 15:05

Алматыда 24 коронавирус ошағы бар: әкімдік мекенжайларды атады

Рахила Тлеуова Корреспондент

Алматы қаласының Наурызбай ауданында коронавирус инфекциясының жаңа ошағы анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының Наурызбай ауданында коронавирус инфекциясының жаңа ошағы анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, бүгінде Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 ошағы бар:

Реклама
Реклама

Әуезов ауданында-2 жұқтыру ошағы - Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр - 4 ықшамауданы, 313 мекенжайында орналасқан.

Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы - Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9-да орналасқан.

Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ. Яғни Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7; Жамбыл көшесі, 155-де орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 5-де.

Жетісу ауданында - 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.

Түрксіб ауданында 7 ошақ тіркелген. Алтай-1 ықшамауданы, 8; "Жас қанат" ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63; Жұлдыз ықшамауданы, 45; Папанина көшесі, 145 а; Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13-де орналасқан.

Бостандық ауданында - 1 ошақ Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекенжайында.

Наурызбай ауданында - 1 ошақ Ақжар поселкесі, Береке көшесі, 1/97 мекенжайында.

Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестері мен және т.б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды.

"Мұндағы мақсат - әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылып жатыр", - дейді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында - 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Қазақстан бойынша жалпы 125 науқас тіркелді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная