ПОДЕЛИТЬСЯ
16 июля 2020 | 17:41
Алматыда 267 адамға маска тақпағаны үшін айыппұл салынған
Алматыда 5 шілдеден бері маска тақпағаны үшін 267 адамға айыппұл салынды. Олар айыппұлды алғашқы аптада төлесе, сома 40 мың теңге болады. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда 5 шілдеден бері маска тақпағаны үшін 267 адамға айыппұл салынды. Олар айыппұлды алғашқы аптада төлесе, сома 40 мың теңге болады. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаладағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада карантин режимін бұзатындардың арасында жастар көп.
"Қазір бізді эпидемияға қарсы қатаң карантиндік шараларды күшейтіп жатырмыз. Тек қана осы карантин болғаннан бастап карантин режимін бұзудың 555 дерегі анықталды. Оның ішінде 457 айыппұл салынды. Біз арнайы бетперде кию режиміне мән беріп жатырмыз. Тек қана осы мәселе бойынша 5-інен бастап (шілденің - авт.) 267 адам айыппұлға тартылды. Оның көлемі бірінші аптаның ішінде төлесе, 40 мың теңге болады. Біз жастардың арасында тарап отырғанын көріп отырмыз. Ең бірінші осы режимді сақтамайтын - жастар. Сондықтан жастарға айтатыным өз денсаулықтарыңыз - өздеріңіздің қолыңызда. Мәселеге мән беру керек", - деді ол ӨКҚ өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, Алматы қаласында 8259 адам коронавирус жұқтырды. 4945 науқас аурудан айықты, 54 адам көз жұмды.
Ал ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 65 188-ге жетті. 39 066 науқас дертінен айықты, 375 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также