Алматыда 54 курсант коронавирус жұқтырған

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда бастапқыда шекара қызметінің 14 курсанты COVID-19 жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда бастапқыда шекара қызметінің 14 курсанты COVID-19 жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейін ҰҚК Шекара академиясының барлық қызметкері мен курсанты тексерілген.

Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде айтты.

Реклама
Реклама

"Шекара қызметіндегі курсанттардың, алғашқысында, 14-і табылған болатын. Кейінірек тағы тексерулер қорытындысы бойынша олардың саны 54-ке жетті. Ауру жұқтырған 54 курсант инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Бүгінде жағдайы - қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттама қаулысы бойынша емделіп жатыр", - деді басқарма басшысы.

Еске салайық, соңғы мәліметтерге сәйкес Алматы қаласында 461 адам коронавирус жұқтырған. Елімізде COVID-19 1480 адамнан анықталды. 285 адам жазылды, 17 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Вопрос от автора
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама