ЧМ-2026: РЕЗУЛЬТАТЫ И РАСПИСАНИЕ

Алматыда 60 жастан асқан 70 адам COVID-19 жұқтырған - Бекшин

Даурен Ерболат Журналист
Алматыда 60 жастан асқан 70 адам COVID-19 жұқтырған - Бекшин Фото: AP

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда 60 жастан асқан 70 адам коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда COVID-19 вирусын 988 тұрғын жұқтырған.

"Індет ересектер мен балалардың арасында тіркеліп жатыр. Мысалы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 37 жағдай, 9 жастағы балалардың арасында 54 жағдай тіркелді", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ Бекшин 20-29 жастағы ересектердің арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 340 дерегі тіркелгенін, бұл жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.

"30-39 жастағы азаматтар арасында 184 жағдай тіркелді. 60 жастан асқандардың ауруды жұқтыруы бізді алаңдатып отыр. Бұл категорияда 70 жағдай тіркелді. Сондықтан қарияларымыз денсаулығына баса мән беріп, карантин талабын сақтауы керек", - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3356-ға жетті. 858 науқас жазылды, 25 адам қайтыс болды.

Вопрос от автора
ОТПРАВИТЬ
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама