ПОДЕЛИТЬСЯ
03 апреля 2020 | 13:25
Алматыда 79 бала карантинде жатыр
Алматыдағы провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы бала, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы бала, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматы ӨКҚ Facebook онлайн-брифингінде айтты.
"3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 79 пациент емделіп жатыр. Олардың бірі Алматы облысының тұрғыны. 66 науқастың жай-күйі - қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі - ауыр, 11 ересек адамның жай-күйі - орташа ауырлық деңгейінде (олардың біреуі облыстан). Жаңадан анықталған жағдай байланыста болған қатарынан", - деді басқарма басшысы.
Спикердің айтуынша, Алматыда сауығып шыққан 13 адам бар. Олардың екеуі – бала.
"Бүгінде инфекциялық стационардан коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы екі пациент ауруханадан шығарылды. Бұл екі әйел, біреуі 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Мысырдан ұшып келген. Жалпы, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны - 13 адам, оның ішінде екеуі бала, - деді Әбілдаев.
Сонымен қатар, қазір 79 бала провизорлық орталықтардағы карантинде жатыр.
"Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы бала. Екі күндік карантинде 446 азамат, үйдегі карантинде - 4411 адам", - деп қосты басқарма басшысы.
Айта кетейік, қазір елімізде 448 адам коронавирус жұқтырған. 28 адам сауығып шықты, 3 адам қайтыс болды.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также