06 мая 2020 10:56

Алматыда ең керек деген мамандар аталды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласында электрик, дәнекерлеуші, жүргізуші мамандар тапшы, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында электрик, дәнекерлеуші, жүргізуші мамандар тапшы, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова қаладағы ең керек мамандардың тізімін атады.

Реклама
Реклама

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Еңбек" бағдарламасы аясында халықты ең алдымен тұрақты жұмыспен қамту көзделеді... Нұр-Сұлтан қаласы сияқты Алматы вакансиялар саны бойынша елімізде көш бастап тұр. Орталыққа келген бос жұмыс орындарын сараптадық. Электрик, жүргізуші, дәнекерлеуші, темір-бетон конструкцияларын жасаушы, медициналық қызметкерлер, қызмет көрсету саласының мамандары ең керек мамандардың қатарында тұр", - деді ол Алматы әкімдігінің  Facebook-тегі онлайн-брифингінде.

Орталық директорының айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин режимі аяқталса, жұмыссыз қалған алматылықтардың еңбекпен қамту жанданады.

"Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланып, Алматы қаласында карантин енгізілгеннен кейін бірнеше кәсіпорынның жұмысы тоқталуына байланысты тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті болып тұр. Мамыр айында карантин режимі аяқталса, бұл бағытта жұмыс жанданады", - деді Иманқұлова.

Еске салайық, елімізде COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram