ПОДЕЛИТЬСЯ
24 декабря 2020 | 13:51
Алматыда жағдай күрделі - Бекшин
Алматыда коронавирус індетінің өсу қарқыны байқалып отыр. Бұл туралы қаладағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда коронавирус індетінің өсу қарқыны байқалып отыр. Бұл туралы қаладағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға келетін болсақ, бүгінде күрделі күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 17 790 жағдайы, сондай-ақ тамыз айынан бастап есепке алынған этиологиясы анықталмаған (коронавирустық) пневмонияның 1 349 жағдайы тіркелді. Қыркүйек айында КВИ барынша (165 жағдай) төмендегеннен кейін, қазан айында 366 жағдай, қарашадада 1 399 жағдай және желтоқсан айында бүгінге дейін - 1 635 жағдай тіркеліп, індеттің өсуі қарқын алып жатыр", - деді Бекшин ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бас санитар дәрігер КВИ бойынша Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдайдың өрбуі алдын ала болжамдаған мөлшерге сәйкес келіп отырғанын да атап өтті.
"Желтоқсанда 1 аптада – 420 жағдай, 2 аптада – 460 жағдай, 3 аптада – 510 жағдай, 4 аптада - 560 жағдай, болжам бойынша жалпы айдың қорытындысымен 1 900 жағдай және пессимистік болжам бойынша 2 200 жағдайға жетуі мүмкін. "Бұрын болжанғандай ауру таралуы қазір өсіп жатыр", - деді ол.
Бекшин Еуропа елдерінде коронавирустың жаңа штамы тарап, қауіп төніп жатқанын атап өтті.
"Біз Еуропа елдерінде эпидемиологиялық жағдайдың айтарлықтай қиындап жатқанын көріп отырмыз. Атап айтқанда, бәрі білетін Ұлыбритания, Испанияда тіркелген коронавирустың жаңа мутацияланған штамы. Әрине, біз қазір сақ болуымыз керек және жағдайды бақылаудан шығарып алмауымыз керек. Бүгінде қалада жағдай бақылауда", - деді ол.
Сонымен қатар, қаланың бас санитар дәрігері жастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын білмей, туыстарына, әсіресі егде жастағы адамдарға жұқтыруы мүмкін екенін айтып, сақ болуға шақырды.
"Жастар симптомсыз түрімен ауырып, вирус тасып жүргенін білмейді. Сөйтіп ата-әжесіне жұқтырады. Олардың қасында келесі жаңа жылда ата-әжесі болмауы мүмкін. Соны ойлау керек", - деді Бекшин.
Еске салайық, бүгін Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 25 желтоқсанда күшіне енетін жаңа қаулыға қол қойған еді. Бекшиннің қаулысында адам көп жиналатын жерлерде ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар және отбасылық мерекелер өткізуге тыйым салу туралы айтылады. Ол кейбір жаңажылдық іс-шараны өткізуге де тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также