02 апреля 2020 | 16:18

Алматыда карантин уақытында екі мың ғана такси көлігі жүреді

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда карантин уақытында екі мың ғана такси көлігі жүреді. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook-парақшасында өткен онлайн-брифингте қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда карантин уақытында екі мың ғана такси көлігі жүреді. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook-парақшасында өткен онлайн-брифингте қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасарының айтуынша, кеше, 1 сәуірде 900 қала тұрғыны такси қызметіне жүгінген. Сол себепті лицензия алған такси компанияларының 2 мың көлігі қала тұрғындарының сұранысына жауап бере алады.

Реклама
Реклама

"Өздеріңіз білесіздер, карантинге байланысты көптеген басқа аймақтың тұрғындары өз аймағына кетті. Олардың көбі такси жүргізумен айналысты. Кейбірі қалды. Біз такси мәселесін былай шештік: біріншіден, қаламызда 200-ден астам ресми такси бар. Өздеріңіз білесіздер. Сосын Uber, Яндекс, Индрайвер компанияларында 80 мыңнан астам клиент бар. Соңғы 20 күннің ішінде белсенді жүрген таксомоторларды, сосын клиент берген ең үлкен рейтингіні қарап, 2 мың ғана такси қалдырамыз. Осы карантин уақытына. Кешегі күні осы компанияларға 900 шақыру ғана түсті. Сондықтан осы 2 мың көлік жетіп жатыр, - деді Қожағапанов.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары қазір ешкімге такси қызметін көрсетуге лицензия берілмейді.

"Соңғы екі жұманың ішінде Яндекс пен Uber компанияларына көптеген сұрақ түсіп жатыр. Біздің отандастарымыз лицензия сұрайтын көрінеді, оған ақша төлейміз дейтін көрінеді. Осы 2 000 көліктен басқа таксимен айналысамын деген көліктерге тыйым салынды. Сондықтан ешқандай лицензия берілмейді. Ол - қате", - деп қосты Ерлан Қожағапанов.

Айта кетейік, Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған 90 адам анықталды. Еліміз бойынша 402 адам коронавирус жұқтырған. 27 адам сауықты, 3 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная