ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сентября 2020 | 12:50
Алматыда карантинге қарамастан кәсіпкер көбейген
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов карантинге қарамастан қалада кәсіпкер көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов карантинге қарамастан қалада кәсіпкер көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Статистикалық дерекке сәйкес, 1 тамыздан бері қалада 201 мың кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Бұл деректі зерттеп жатырмыз. Себебі, сәуірден бастап қалада кәсіпкерлер саны 6 мыңға өскен. Неге өскенін өзіміз де түсінбей отырмыз. Өйткені осы уақыт аралығында карантин шектеулері болды. Көптеген кәсіпкер шығынға ұшырады. Алайда статистикалық дерекке сүйенсек, жарты жылдың ішінде кәсіпкерлер саны 2,5 пайызға өсіп отыр. Сондықтан бұл деректі талдаймыз", - деді басшы өңірлік коммункациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, Нариман Әбілшайықов коронавирус пандемиясы кезінде кәсіпкерлерге сақ болуға кеңес берді.
"Коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген қауіп бар. Күнара статистикалық дерекке қарайтын болсақ, Алматыда, жалпы Қазақстанда ауру өсімі 0,3 пайыздан төмен. Бұл көрсеткішті осы деңгейде сақтап қалу үшін қоғамдық орындарда маска тағып, арақашықтықты сақтап, қарапайым санитариялық нормаларды сақтауымыз керек. Осылайша, карантиннен тез құтылымыз деген ойдамын. Бұл - менің жеке пікірім", - деді директор.
Айта кетейік, Алматыда 14 353 COVID-19 жұқтырды. 14 013 науқас айықты, 270 адам қайтыс болды.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 107 374-ке жетті. 102 064 науқас жазылды, 1 671 адам аурудан көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также