ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сентября 2020 | 16:23
Алматыда коронавирус жұқтыру 2 есе азайды - Бекшин
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есе азайғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есе азайғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қалада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.
"Өткен аптада 100 мың адамға шаққанда ауру деңгейі 5 болды. Ауруды жұқтыру көрсеткіші 2 есе төмендеді. Ал күнделікті аурудың өсімі шілде айына қарағанда 35 есе төмендеді. Нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек орындардың 83 пайызы босады. Осындай, объектив көрсеткіш эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді", - деді Бекшин.
Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 14 238-ге жетті. 13 588 науқас айықты, 265 адам көз жұмды.
Елімізде 106 032 адам COVID-19 жұқтырды. 97 967 науқас дертінен айықты, 1 588 адам қайтыс болды.
1 тамыздан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясының 26 322 дерегі тіркелді. 301 адам көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также