РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
31 января 2022 | 15:11

Алматыда коронавирус жұқтыру дерегі бір аптада 40 пайызға өсті

Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда коронавирусқа байланысты ауру өткен аптамен салыстырғанда 40 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда коронавирусқа байланысты ауру өткен аптамен салыстырғанда 40 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. 

"Қаңтарда коронавирус алдыңғы аптамен салыстырғанда 40 пайызға, ал жыл басынан бері 18 есе өсті", - деді ол ӨКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Одан бөлек, Әсел Қалықова қай жастағылар коронавирусты көп жұқтырып жатқанын айтты. 

"Науқастардың жас мөлшерін талдау бойынша 20-39 жас аралығындағы адамдардың үлесі 40 пайыздан 35 пайызға дейін төмендеді, бірақ бұл жас санатындағылар ең жоғары болып қала береді. Олардан кейінгі жас контингенті - 40-59 жас аралығындағы адамдар - 26 пайыз, 60 жастан асқан адамдар - 22 пайыз", - деді Әсел Қалықова. 

Еске салайық, бүгінде эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша Алматы қаласы "қызыл" аймақта. 

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная