ПОДЕЛИТЬСЯ
10 апреля 2020 | 14:48
Алматыда коронавирусты анықтайтын тестіні кім тапсыра алатыны айтылды
Алматы қаласында 15 мыңдай адам коронавирусқа тест тапсырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласында 15 мыңдай адам коронавирусқа тест тапсырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова Almaty телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты.
"Бүгінде тест тапсыру жалғасып жатыр. 15 мыңдай тест жасалды. Оның алдында айтқанымыздай, 122 адамнан КВИ анықталды. Бүгінде бұйрыққа сәйкес қарастырылған ПЦР тестілеуге керек контингенттер бар. Оның ішінде ауырған адамдар, науқастармен байланыс жасаған адамдар, шетелден келген азаматтар бар. Біз медициналық қызметкерлерді де тексеріп шықтық. Блокбекет, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, Полиция департаменті қызметкерлерін тексеріп жатырмыз. Тағы респираторлық ауруы бар адамдарды да тексереміз", - деді Молдағасымова.
Сондай-ақ, елімізде сәуірдің басынан бері экспресс-тест енгізілді. Ол адам ағзасында коронавирус инфекциясының болған не болмағанын анықтайды. Департамент басшысының айтуынша, мұндай тестілеу оң нәтиже көрсетсе, кейін ПЦР тест жасалады.
"Тестілеудің екінші әдісі - экспресс-тест. Бүгінде денсаулық сақтау басқармасы экспресс-тест жасау үшін 16 пункті белгілеп берді. Бұған дейін айтқанымдай, ақпараттық жүйе бар. Ол жерде кез келген адам анкета толтыра алады. Содан кейін олар іріктеледі және содан кейін экспресс-тестке жіберуге бола ма, жоқ па анықталады. Негізінде, экспресс-тест адамның ауырған не ауырмағанын анықтап береді. Егер ол оң нәтиже көрсетсе, біз ПЦР диагностикаға жібереміз", - деп түсіндірді департамент басшысы.
Еске салайық, қазір елімізде 802 адам коронавирус індетін жұқтырған. Оның ішінде 61 адам емделіп шықты, 9 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также