31 марта 2021 | 11:44

Алматыда коттедж жалдап той тойлайтындар жазалана ма?

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда коттедж жалдап, мерекелік шара ұйымдастыратындарды жазалау механизмі жасалады. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда коттедж жалдап, мерекелік шара ұйымдастыратындарды жазалау механизмі жасалады. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кеше Наурызбай ауданының әкімдігі тұрғындар шаралар өткізу үшін коттедж жалдай бастағанын хабарлады. Мониторинг топтары осындай жалға алынған үйлердегі шараны тоқтату бойынша жұмыс істеп жатыр ма?" - деп сұрады журналист. 

Сәдуақас Байғабылов бүгінде бұл маңызды мәселелердің бірі екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Себебі тек біздің қалада емес, Қазақстанның басқа өңірінде кәсіпкерлер коттеджде шара өткізіп жүр. Бүгінде біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Заң бойынша арнайы мәселелер бар. Ұйымдастырушыларды да, қала тұрғындарын да тексеруді ұйымдастыру жұмыстарын қарастырып жатырмыз. Әзірге соны жоспарлап отырмыз. Қала тұрғындарының назарына осы мәселені жеткізсеңіздер болады. Арнайы механизм жасалады", - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная