14 апреля 2020 | 12:41

Алматыда медицина қызметкерлері коронавирусты қайдан жұқтырған?

Даурен Ерболат Журналист

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев медицина қызметкерлері коронавирусты науқастардан жұқтыруы мүмкін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев медицина қызметкерлері коронавирусты науқастардан жұқтыруы мүмкін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 14 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 346 дерегі тіркелген.

Реклама
Реклама

"Оның 78-і жергілікті науқастармен байланыста болған: қалалық балалар жұқпалы ауруханасының 1 қызметкері, орталық клиниканың 110 медицина қызметкері, медициналық жедел жәрдем қызметінің 2 қызметкері, №32 қалалық емхананың 1 қызметкері, №11 қалалық емхананың 1 қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкер бар", - деді ол онлайн брифингте.

Осы орайда денсаулық сақтау басқармасының басшысы инфекциялық стационарда 295 науқас коронавирустан емделіп жатқанын жеткізді.

"7 адамның жағдайы ауыр, 41 адамның жағдайы орташа ауыр, 247 адамның жағдайы қанағаттанарлық. Провизорлық орталықтарда 256 адам бар. Оның 12-сі бала. Карантиндегі оқшаулауда 366 адам, үйдегі карантинде 7097 адам бар", - деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, ол коронавирус жұқтырған медицина қызметкерінің жағдайына тоқталды.

"Полисигмент пневмониясының болуына байланысты 2 медицина қызметкерінің жағдайы ауыр, қалғанының жағдайы қанағаттанарлық. Байланыста болған барлық адамның диагнозы анықталып жатыр. Олар вирусты науқастардан жұқтыруы мүмкін. Өйткені, олар шұғыл медициналық көмек көрсеткен болатын. Науқастардың ішінде ауру белгілері жоқтарда болуы мүмкін", - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Тілеухан Әбілдаев қазіргі таңда бұл жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті. 138 науқас жазылды, 14 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі елімізде 59 бала қауіпті індетті жұқтырғанын айтқан. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная