ПОДЕЛИТЬСЯ
10 декабря 2021 | 17:00
Алматыда омикрон штамына байланысты зерттеу нәтижесі қашан шығады?
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы омикрон штамына байланысты зерттеу қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшиннің сөзінше, бүгінде қала бойынша омикрон штамына мониторинг жүргізіп жатыр.
"Мысалы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға 53 сынама жібердік. Ондағы мақсатымыз - сол сынамаларда омикрон штамы бар-жоғын анықтау. Бірақ созылмалы зерттеу. Нәтижесі екі-үш күнде дайын болуы керек. Сондықтан омикрон біздің елімізде анықталғанын немесе анықталмағанын айту ерте. 3 желтоқсаннан бері зерттеуде тұр", - дейді Бекшин ӨКҚ брифингінде.
Жандарбек Бекшиннің сөзінше, шетелден келгендер бүгінде арнайы қонақүйде карантинде жатыр. Одан бөлек, үй карантинінде жатқандар да бар.
"Омикрон" штамы: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы
Еске салайық, коронавирустың "омикрон" нұсқасын ДДСҰ сарапшылары "алаңдаушылық тудыратын" санатқа жатқызады, себебі оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-ақуыздың 32 мутациясы бар.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также