01 апреля 2021 | 14:01

Алматыда сауда орталықтары қандай жағдайда ашылады?

Камила Долаева Корреспондент

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада сауда орталықтары мен сауда және ойын-сауық орталықтары қандай жағдайда ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада сауда орталықтары мен сауда және ойын-сауық орталықтары қандай жағдайда ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы наурыздан бері эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында "қызыл" аймақта. Барлық шектеу шарасы осыған сай енгізіліп жатыр. Ал қалыпты жұмысқа оралу бойынша жауапкершілік тұрғындардың, біздің мойынымызда. Жетістікке бірлесіп қана жете аламыз. 

Шағын бизнес субъектілері коронавирус талару индексі төмендемейінше шектеулер алынбайды. Ол жеті күн бойы бірден төмен болуға тиіс", - деді Әсел Қалықова. 

Ал шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім қалада тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны азайса, вирустың таралу индексі төмендесе ғана қаралатыны айтылды.

Реклама
Реклама

"Бірақ вирустың негізгі таралатын орындары қоғамдық жерлер, сауда орталықтары, сауда үйлері, басқа да қоғамдық тамақтау орындары, сән салондары екенін көріп отырмыз. Сондықтан жауапкершілік екіжақты екенін қайталап айтқым келеді. Кәсіпкер қызметкерлерге де, тұрғындарға да нормаларды сақтауға жағдай жасауы керек", - деді ол. 

Еске салайық, Алматы 10 наурыздан бері "қызыл" аймақта. Қалада 12 сәуірге дейін шектеулер енгізілген. Бұған дейін Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин эпиджағдай нашар екенін айтқан болатын. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная