ПОДЕЛИТЬСЯ
21 июля 2023 | 11:27
Алматыдағы автобустар "зиратындағы" 823 көліктің 629-ы пайдалануға жарамайды
Алматы маңындағы автобустар зиратына қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы маңындағы автобустар зиратына қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"АлматыЭлектрТранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында "зиратта" пайдалануға жатпайтын және қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарын қажет ететін автобустар жиналғаны айтылған.
Айта кетейік, материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы өтіп, Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
"Ол аймақтағы көлік құралдарының көбі пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты қолдануға жатпайды. Қоймада 823 автобус бар, оның 629-ы комиссияның қорытындысына сәйкес пайдалануға жарамайды", - делінген ресми жауапта.
Фото: instagram.com/ajupventure
Сонымен қатар, Желі қолданушылары автобустарды неліктен өзге облыстарға бермеген деп мәселе көтерген болатын. ЖШС өкілдерінің сөзінше, автобустардың бір бөлігі Алматы облысына берілген.
"Алматы қаласы әкімінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 4/547 қаулысына сәйкес, 300 көлік Алматы облысына берілген. Оның 157-сі қоймада орналасқан. Ал Алматы облысының өкілдері оны әкетпеген", - делінген жауапта.
ЖШС өкілдері "зиратта" тұрған автобустар қай жылы шыққанын айтты.
"Қойма аумағында орналасқан және және пайдалануға жатпайтын көлік құралдарының көбі 2010-2013 жылы шыққан. Ал дайындаушы зауыттардың деректеріне сәйкес автобустар мен троллейбустарды пайдаланудың нормативтік мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейінгі кезең", - дейді компания өкілдері.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы өтіп, Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также