Алматыдағы жағдай күрт нашарлады - Бекшин

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аймақтағы эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласының коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайы соңғы 4 күнде күрт нашарлады. Күніне 125-140 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Бұл Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өткенін білдіреді. 25 қаңтардан бастап біз "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өттік. Қазір осыған байланысты арнайы іс-шараларды әзірлеуге даярмыз", - деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ онлайн-брифингте.

Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 181 117-ге жетті. Алматы қаласында пандемия басынан бері 21547 жағдай тіркелді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Вопрос от автора
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама