Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 января 2019 13:22

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Актриса Айзада Сатыбалдиеваға ота жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан жалғыз тірі қалған актриса Айзада Сатыбалдиеваға ертең, 18 қаңтарда ота жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі актрисаның күйеуі Бақыт Беделханға сілтеме жасап.


Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан жалғыз тірі қалған актриса Айзада Сатыбалдиеваға ертең, 18 қаңтарда ота жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі актрисаның күйеуі Бақыт Беделханға сілтеме жасап.

Жұбайының айтуынша, қазір актрисаның жағдайы түзеліп келеді. 

"Ақырын беті бері қарады. Өткен аптада палатаға шығарылды. Сөйлей алады. Дәрігерлер күш жинап алсын деп жатыр. Ертең операция жасайды. Қабырғасы мен қолы екі жерден сынған", - деді ол.

Еске салайық, 29 желтоқсанда таңғы уақытта Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болған жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, олар: Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушысы. Аман қалған жалғыз жолаушы Айзада Сатыбалдиева - Әуезов атындағы драма театрының актрисасы. Кейін қаза тапқандардың ішінде актриса Шолпан Елгезекованың бар екені анықталды.

Айзада Сатыбалдиева - 2018 желтоқсанында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған. Темірбек Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институты театр факультетінің муздрама бөлімін оқып бітірген. 2009 жылдан бері Әуезов драма театрының актерлер құрамында.

Театр сахнасында "Қарагөз", "Қилы заман", "Қожанасыр тірі екен", "Жаужүрек", "Тендерге түскен келіншек", "Қаракемпір" және тағы да басқа спектакльдерінде басты және қосалқы рөлдерде ойнаған.

Мұның алдында Mitsubishi Galant жүргізушісі мен үшінші жолаушының кім екені анықталған.

Оқиға болған күннің ертесі жол-көлік оқиғасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы пайда болды. Видео кадрларына қарағанда, Mitsubishi Galant бағдаршамның жасыл түсі жанғанда Сейфуллин бойымен қозғалысты бастаған, осы сәтте Абайдың бойымен асқан жылдамдықпен келе жатқан Mercedes Gelandewagen оны соғып өткен. Жеңіл көлік соққыдан бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. 

Mercedes Gelandewagen жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен. Алайда кеше, 30 желтоқсанда оны полицейлер ұстаған. Кейін оның мас болғаны анықталды. Артынша жүргізушінің екі айға қамалғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети