ПОДЕЛИТЬСЯ
30 марта 2020 | 15:47
Алматыдағы науқастардың 97 пайызы ауруды шетелде, 3 пайызы елде жұқтырған
Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айзат Молдағасымова Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдау нәтижелеріне қарағанда, 73 науқастың 93 пайызы сырттан келгендер, 3 пайызы жергілікті тұрғындар. Басқа елдерден келген 26 адам байланыс арқылы 45 адамға жұқтырған. Жергілікті тұрғындар жұқтырған екі жағдайда да байланыс жасаған адамдар бар, - деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, Молдағасымова науқастардың жас мөлшеріне тоқталды.
"Ауруды жұқтырғандардың басым бөлігі 30-39 жаста. Екінші орында 20-29 жасқа дейінгілер, үшінші орында 50-59 жастағы азаматтар. Жынысына тоқталсақ. Көбінесе әйелдер 52, 5 пайыз, ерлер 37, 5 пайыз ауырып жатыр", - деді спикер.
Айта кетейік, бүгінге дейін Алматы облысында 7 адамнан коронавирус анықталды. Ал Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 294 адамға жетті.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также