03 апреля 2020 11:40

Алматыдағы танкілердің видеосы. Қорғаныс министрі түсініктеме берді

Рахила Тлеуова Корреспондент

Танкілер Алматы көшелерінен наурыз айының ортасында өткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танкілер Алматы көшелерінен наурыз айының ортасында өткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше әлеуметтік желілерде Алматы қаласында танкілердің өтіп жатқаны түсірілген видео тараған болатын. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев видеоға түсініктеме берді.

Реклама
Реклама

"Бұл - бұрмалау. Ақпанның соңында Алматы десант-шабуыл бригадасының 3 танкісі Алматы облысына полигонға шыққан болатын. Олар полигонда жоспарлы оқу, жоспарлы ату жасады. Содан кейін 16 наурызда төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін олар бірден Алматы қаласындағы тұрақты орналасу мекенжайына келді. 16 наурыздан бастап тұрақты орнынан тыс жерде өтетін барлық оқу-жаттығу тоқтатылды. Дайындық тек әскери бөлімшелердің ішінде өтеді", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев кімдердің әскери жиынға бармайтынын айтып берді. Сондай-ақ коронавирус індеті кеңінен таралған елдер медициналық қызметкерлерге көмектесуге әскери қызметкерлерді шақыру практикасы бар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram