21 июля 2020 | 14:51

Алматылық дәрігер 4 ай бойы отбасын көрмеген дәрігерлердің атынан үндеу жасады

Рахила Тлеуова Корреспондент

"Бұл індетті біз бірге жоюымыз керек, біз бірге болып барлық адамды емдеп шығуға тырысамыз". Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин өзі басшылық ететін мекемедегі дәрігерлердің атынан үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Бұл індетті біз бірге жоюымыз керек, біз бірге болып барлық адамды емдеп шығуға тырысамыз". Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин өзі басшылық ететін мекемедегі дәрігерлердің атынан үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас дәрігердің айтуынша, өзі басқаратын ауруханада індетке қарсы күресіп жатқан қызметкерлері 850 мың теңгеден қосымша ақы алған.

Реклама
Реклама

"Тағы бір сұрақтар туындап жатыр. Дәрігерлерді, медбикелерді жалақасын дұрыс төлемей жатыр деген сұрақтар туады. Соған айтқым келеді. Бізде барлық жұмыскерге өз жалақысын төлейміз. Екіншіден, індет кезінде қызыл аймаққа кіріп, жұмыс атқарып жатқан дәрігерлер, медбикелер, санитаркалардың бәріне қосымша 850 мың теңгеден осы, міне 4 айдың ішінде осындай жалақыны алып жатыр", - деді ол Алматы қаласының ӨКҚ онлайн-брифингінде.

Дәрігер "4 ай бойы күн демей, түн демей", отбасын тастап аянбай еңбек етіп жатқан медицина мамандарына алғыс айтты. 

Дәрігерлер өз еңбегін өте жақсы атқарып жатыр. Күні-түні дәрігерлер, медбикелер, басқа да жұмыскерлер осы індетке қарсы өз отбасын ұмытып, қазір жатақханада, қонақүйде тұрып, ол жерде барлығын тамақпен, транспортпен, барлық алып келу, алып кетумен қамтамасыз етіп отырған қаламыздың әкімшілігі. Соған біз алғысымызды айтқымыз келеді және біздің өз әріптестеріміздің 4 ай бойы күн демей, түн демей атқарып жатқан еңбектері зор. Оларға алғыс айтамыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Ержан Сералин аурухана дәрігерлерінің атынан соңғы адам емделіп шыққанша күресетінін жеткізді.

"Өзіміздің аурухананың дәрігерлерімен, жұмысшыларымен айтқымыз келетіні бұл індетті біз бірге болып жоюымыз керек, біз бірге болып аяғына дейін бар адамды емдеп шығуға тырысамыз деп айтамыз", - деген тілегін жеткізді бас дәрігер.

Айта кетейік, Алматыда 9 394 адам COVID-19 жұқтырды. 5 667 науқас жазылды, 73 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 73 468-ге жетті. 45 376 науқас айықты, 585 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная