Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 августа 2019 12:27

Алматылықтарды дүрліктірген сел қаупі: Оқиға орындарынан фото мен видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 тамызда таңғы уақытта Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді деген хабар жұртшылыққа тарады. Желілерде түрлі сурет пен видео жариялана бастады. Қалалық әкімдік бұл ақпаратты растап, бірден зардап шеккендерді жинау пункттері мен эвакуациялау пункттерін бекітті. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның хронологиясын жасады.


14 тамызда таңғы уақытта Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді деген хабар жұртшылыққа тарады. Желілерде түрлі сурет пен видео жариялана бастады. Қалалық әкімдік бұл ақпаратты растап, бірден зардап шеккендерді жинау пункттері мен эвакуациялау пункттерін бекітті. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның хронологиясын жасады.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті халықты ескертіп, Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзені арнасынан төмен тұрғындарды хабардар етті. Қаланың барлық қызметі жұмылдырылған, жақын маңдағы елді мекендер үшін қауіп жоқ екендігін мәлімдеді. 

Алматы әкімдігі сел қаупін растап, оқиға орнына шұғыл қызметтер аттандырды. Әкімдік эвакуациялық пункттердің мекенжайларын жария етті.

1. Ескі әкімдік. Жандосов-Рысқұлов қиылысы. 
2. Шәймерденов көшесіндегі 175 мектеп. 
3. Жандосов-Яссауи қиылысындағы 158 мектеп.

Алматыдағы сел қаупі бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров оқиға орнынан виде жариялады. Видеода Серік Әубәкіров Қарғалы өзені арнасындағы жағдай туралы хабардар етіп отырды. 

Әубәкіровтің айтуынша, 14 тамызда сағат 07.11-де Қарғалы өзені арнасындағы жағдай бірқалыпты болды. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына барып, жағдайды бақылап отыр. Газ бен жарықты өшіру туралы бұйрық берілді. Халыққа ескерту жасалды.

 Сағат 07.48-дегі жағдай бойынша су қатты лайланған.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері брифинг барысында қалада сел жүру қаупіне қатысты пікір білдірді.

"14 тамызда сағат 6.20-да Қарғалы өзенінде ішкі арналардағы су тасыды. Болжам бойынша, секундына 5 текше метр су тасыды. Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, өзендегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Жағдай бірқалыпты, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Өзен арнасындағы жағдай тұрақты, дүрлігуге себеп жоқ", - деп хабарлады ТЖД өкілдері брифинг барысында.

Сел қаупіне байланысты полиция Тау Самалы және Қарағайлыға кіреберісті жауып тастады.

Наурызбай ауданының тұрғыны Шыңғыс Қуандықтың айтуынша, 14 тамыз таңғы сағат 06:00 шамасында ескерту дабылы қағылған.

"Мен аса мән берген жоқпын. Бір кезде сағат 07:00 шамасында анам мені оятып, кету керек екенін айтты. Көршілерімізге әкімдіктен хабарласып, кету керек деп айтқан екен. Маңызды құжаттарды алып, үйден шығып кеттік", - дейді Шыңғыс. 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың оқиға орнына барып, мәлімдеме жасады. Қала басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, су деңгейі төмендеп жатқанын хабарлаған. 


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнынан. © Instagram

"Қаланың жоғарғы жағындағы су деңгейі төмендеген, енді төменгі жақ қана қалды деген хабарлар түсіп жатыр", - деп мәлімдеген әкім. 

Кейіннен әкім Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу жоспарланған № 176 мектеп-гимназиясына барып, аудан тұрғындарымен кездескен. 

"Адамдар не істерін білмей дал болуда. Еріктілер де көмек қолын созуға дайын. таңертең Ішкі істер министрімен хабарластым. Егер бірнәрсе болса, халықты эвакуациялау қажет. Егер судың деңгейі көтерілсе, бірден тазарту керек. Біздің Ұлттық ұлан және тағы да басқа қызметтеріміз дайын тұр. Бірақ қауіпті ештеңе болмайды деп ойлаймын", - деп мәлімдеді қала басшысы. 

Tengrinews.kz тілшілері Майя Теңізбаева, Жасұлан Нұрқасымов және Есет Төлеш оқиға орнында болып, Facebook арқылы тікелей байланысқа шықты. 

Оқиға орнынан хабар таратқан Tengrinews.kz тілшісі эвакуация пункттерінің жағдайын сипаттады. Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында орналасқан №158 мектеп директоры 200 адамға дейін қабылдайтын жағдай жасалып жатқанын хабарлаған. 

Жарылуы мүмкін деп желіде таралған су бөгетіне жеткен тілшілер оның қазіргі көрінісін суретке және видеоға түсіріп жариялады.

Артынша эвакуация жүргізілмейтіні белгілі болды. Алматы әкімінің баспасөз қызметшісі Әсет Мұқажанов су деңгейінің түсуіне байланысты эвакуацияның болмайтынын мәлімдеді. Жағдай қалпына келген.


© Tengrinews.kz

Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қазіргі таңда тұрғындарға қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети