08 мая 2019 | 10:28

Алматының символына айналған Даңқ мемориалы салынған күн: Тарихи деректер

"Даңқ" мемориалы. © Мақсат Мамбетжан

Осыдан тура 44 жыл бұрын, яғни 1975 жылдың 8 мамырында Алматы қаласында 28 панфиловшы батырлар саябағында "Даңқ" мемориалы бой көтерді. Бұл мемориалдың сәулетшілері қазақстандықтар - Төлеу Бәсенов, Рүстем Сейдалин, Владимир Ким. Мүсіншілер беларустықтар Виктор Андрющенко мен Анатолий Артимович. "Даңқ" мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Мәскеуді асқан батылдықпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің құрметіне салынған. Tengrinews.kz тілшісі мемориалдың тарихын біліп, қызықты деректерін топтастырды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осыдан тура 44 жыл бұрын, яғни 1975 жылдың 8 мамырында Алматы қаласында 28 панфиловшы батырлар саябағында "Даңқ" мемориалы бой көтерді. Бұл мемориалдың сәулетшілері қазақстандықтар - Төлеу Бәсенов, Рүстем Сейдалин, Владимир Ким. Мүсіншілер беларустықтар Виктор Андрющенко мен Анатолий Артимович. "Даңқ" мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Мәскеуді асқан батылдықпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің құрметіне салынған. Tengrinews.kz тілшісі мемориалдың тарихын біліп, қызықты деректерін топтастырды. 

Реклама
Реклама

28 панфиловшылар әскері Алматыда және Қырғызстанда құрылған. Оларды 316-шы атқыштар дивизиясы деп атаған. Кейін олар атақты жауынгер Иван Панфиловтың басқаруында 8-ші гвардия деп аталды.
Бұл дивизиядан 28 жауынгер аса мәртебелі атаққа ие болды. Жауынгерлер қатарында қазақтар, қырғыздар, орыстар мен украиндер болды.

Кең таралған ақпарат бойынша, 1941 жылы немістердің жаңа шабуылына тойтарыс беру үшін Василий Клочковтың басқаруымен панфиловшылар 4 сағат бойы жаумен соғысқан. Нәтижесінде аталған дивизия асқан жанкештілікпен немістердің 18 танкін қиратқан, яғни немістерге сұмдық тойтарыс берді. Бұл оқиға Дубосеково ауданының маңында болған. 

Мінекей, мемориал сол ерлікпен соғысқан 28 панфиловшылардың құрметіне салынған. Мұнда Екінші дүниежүзілік соғыстан бөлек, бірінші дүниежүзілік соғыс пен ауған соғысына қатысты ескерткіш пен қорған-қабырға да бар. 

Кеңес одағының батыры Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова тілшімізге мемориал жайлы деректерді айтып берді. 

"Мемориал өзінің үлкен аумағына қарамастан көзге шағын және жағымды көрінеді. Ал егер де мыстан жасалған бұл мемориалға мұқият қарайтын болсаңыз, онда бұл ескерткіштер кездейсоқ салынбағанын байқайсыз. Оны байқау үшін мемориалға қарама-қарсы орналасқан Армия үйінің баспалдағына көтерілу керек. Кейін "Даңқ" мемориалына мұқият қарап, оның сұлбасынан Кеңес Одағы картасының сұлбасына ұқсайтынын байқауға болады", - дейді ол.

Байқадамованың айтуынша, заң бойынша бұл мемориал мен саябақты жекешелендіруге рұқсат жоқ. Сондықтан бұл саябақты көздің қарашығындай сақтау керек.

"Сондай-ақ, бұл мемориал Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығына кіреді. Оған қоса 1993 жылы 28 панфиловшы батырлар саябағы ҚР Үкіметінің қаулысымен қорық деп танылды. Яғни Төле-би - Қонаев - Гоголь - Зенков шаршысы тарихи-сәулет қорығы деп саналды. Оның ішіне сол жақта орналасқан бірнеше құрылыс нысаны кірген. Яғни бұл жерлерде жаңадан нысандар тұрғызу мен өзгертулер енгізу үшін арнайы рұқсат керек. Аталған қорықтың аумағы 31 гектар", - дейді Байқадамова.

Оның айтуынша, аталған қаулыда қате бар. Яғни Гоголь көшесінде 51-үйдің орынана 45-үйдің нөмірі көрсетілген. 

Ал 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағының қызметкері Аркен Ахметов та мемориал туралы қызықты  мағлұматтарды әңгімеледі. 

"Бұл мемориалдың тарихы тереңде. 1974 жылы  ескерткішті салуға кеңес республикаларының барлығы дерлік қатысқан. Оның ішінде Беларусь елі ескерткішті тұрғызу құқығын жеңіп алды. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысының 30 жылдығына арнап мемориал 1975 жылы 8 мамырда бой көтерген. Бұл жобаға кеңес республикаларының барлығы қатысты деуге болады. Мысалы, мына қала атаулары жазылған төрт бұрышты плиталардың бөліктерін Украинадан әкелген. Сондай-ақ, бұл плиталардың астында "қаһарман қалалардың" топырағы сақтаулы сандықтастар қойылған", - дейді ол. 

Аркен Ахметовтің сөзінше, биыл еліміздің соғысқа қатысқан ардагерлері біздің жерімізден топырақты Волгоградқа жеткізген. Қызметкердің айтуынша, мемориалды салу үшін одақтас республикалардың көбісі атсалысқан.

"Екі қорған-қабырғаның бөліктері Ленинградтан жеткізілген. Ал панфиловшылар мүсіні де сол жақтан жеткізілді. Бірақ, олар бес бөлік күйінде жеткізіліп, осында жиналды. Керек десеңіз әріптердің дәл осылай тізбектеліп жасалуы да белорустардың жобасы. Бұл мемориалға өзгерту енгізу үшін алдымен олардың рұқсатын алу керек. Ал мәңгілік алаудың астындағы плиталар Қазақстанда өндірілген", - дейді саябақ қызметкері. 

2013 жылы мемориалға бірінші мәрте жөндеу жұмыстары жасалған.

Осы тұста, саябақ қызметшісі мәңгілік алаудың өшірілетін уақыты туралы сөз қозғады.

"Мәңгілік алау бір жылда 364 күн өшпей лаулап тұрады. Тек бір күнге оны тазалу үшін, біз уақытша өшіріп қоямыз. Яғни тек бір күн жанбауы мүмкін. Бұл алау газбен жанады, оттың әрдайым жанып тұруын заманауи техникалық құралдар қамтамасыз етеді", - дейді ол. 

Маманның айтуынша, маңызы өте зор тарихи мемориалдың бірнеше рет бүлінгенін айтады. Оның сөзінше плиталардағы атаулар мен жұлдыздар бірнеше рет жоғалған.

"Былтыр ғана осы есткерткіштерге шабуыл жасалып, мына "қаһарман қалалардың" аты жазылған әріптер мен оның қасында орналасқан жұлдыздарды ұрлаған. Осы уақытқа дейін ұрылардың біреуі де қолға түскен жоқ. Мені таңғалдырғаны ұрылар салмағы бірнеше ондаған келі үлкен жұлдызды жұлып, оны жарты жолға дейін сүйреп тастап кеткен. Біз оны қайтадан өз орнына қою үшін көп күш жұмсадық. Осы оқиғалардан кейін бейнебақылау орнатылды", - дейді қызметкер. 

Кейіпкерімізден қала тұрғындары 28 панфиловшы батырлар саябағын және оның ішінде орналасқан собор мен мемориалдың маңын қорқынышты жерлерге не үшін жатқызатынын сұрадық. "Бұл жерде шынымен тылсым күш бар ма?" деген сұрғымызға ол былай деп жауап қатты:

"Мен бұл мемориалдан маңынан бірнеше жыл бойы таңғы және түнгі уақытта өтіп жүрмін. Шынында мен ешқандай тылсым күш байқамадым. Бірақ айта кетейін, саябақтың ішінде орналасқан собордың арғы бетінде адамдар жерленген. Яғни зират бар. Ол жақта ішіп алған адамдар да жүреді. Мүмкін сол адамдар тылсым күш туралы қауесетті таратып жүрген шығар", - дейді Аркен Ахметов. 

Мемориалды тұрғызу барысында қате кеткенін саябақ қызметкерлері жасырмайды. Кейіпкеріміздің сөзінше, соғыс кезінде қаза тапқан 28 панфиловшы батырлардың аттарын тасқа қашаған кезде, олардың ішінде тірі қалған жауынгердің де аты жазылған. Бұған қарамастан олардың аты дәл сол уақытта өзгермеген екен.


Суреттер автордан

Саябақ қызметкерінің сөзінше, мемориалға әлі де жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная