26 ноября 2019 | 12:11

Алты баланың әкесі отбасын Сирияға алып кеткен

Нұрлан Қамалов бес жыл бойы Сирияда террористер құрамында соғысып, кейін тұтқынға түскен. Ол лаңкестер тобына отбасын алып кеткен. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Нұрланның Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрлан Қамалов бес жыл бойы Сирияда террористер құрамында соғысып, кейін тұтқынға түскен. Ол лаңкестер тобына отбасын алып кеткен. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Нұрланның Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.

41 жастағы Нұрлан Қамалов - алты баланың әкесі. Исламмен байланысты дүниенің бәріне қызыққан. Өзінің діни нанымын интернет арқылы қалыптастырған.

Реклама
Реклама

Араб елінде өмір сүруді армандаған. Сол үшін есімін де өзгерткен - Нұрланды Абабдулаға ауыстырған.


Видео кадрынан

Бірнеше жыл бұрын "Ислам мемлекетінің" идеологтары жасаған бейнероликті көрген. Түркістан облысының тумасы өзінің көзқарасымен келіспейтін туыстарының бәрін де мойындамаған. Сөйтіп, Қамалов 2013 жылы отбасымен бірге Сирияға аттанған.

"Араб мемлекетінде тұрғым келді. 2011 жылы Дубайға кеттім. Ол жақта қымбат болды. 2013 жылы Сирияға қоныс аудардым. Діни білімсіздікпен "Ислам мемлекетін" құрамыз дедік. Араб әмірлерінің бұйрығымен сонда болдық. Ол жаққа барған адамның бәрі қару ұстайды, соғысқа қатысады, басқа да қызметтер істейді", - дейді ол.  


Видео кадрынан

Сол жақта ол әскери дайындықтан өткен. ДАИШ құрамында Сирия мен Ирактағы ұрыстарға қатысқан. Калашников автоматын қолданғанын айтады. 

"Сол жақта жүргенім дұрыс шығар деп ойладым. "Қазақ жамағатында" болдым, бірақ онда тек қазақтар болмады. Дағыстандықтар, шешендер бірге болдық", - дейді Қамалов.

2018 жылы ол күрд әскеріне тұтқынға түсіп, бірнеше айын сонда өткізген. Кейін "Жусан" арнайы операциясы аясында елге оралған. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің "Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу" бабы бойынша айып тағылған.

"Өкінетін жағдайым - діни білімім жоқ. Үлкен саясатқа түстік пе деп ойлаймын. Анамнан сабыр қылсын деп сұраймын", - дейді Нұрлан Қамалов.

Оқи отырыңыз:

"50 доллар жәрдемақы беріп отырды". Террористердің аудармашысы болған жігіттің оқиғасы

"Бомба түсіп, қазақтардың қаза тапқанын көрдім". Сириядан оралған жігіттің жантүршігерлік оқиғасы

"Қанша адам өлтіргенімді білмеймін". Қазақстандық содыр Сириядағы өмір жайлы баяндады

"Қазақстаннан кешірім сұраймын". Террор ұйымында соғысқан қазақ жігіті басты өкінішін айтты


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная