09 июля 2020 | 12:07

Амандық Баталов неге Алматыда емделмейді? Вице-министр жауап берді

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде мұндай диагноз қойылған науқастарды емдейтін орталықта орын болмағандықтан Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде мұндай диагноз қойылған науқастарды емдейтін орталықта орын болмағандықтан Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ онлайн-брифингінде журналистер ДСМ өкілінен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың неліктен елордада емделіп жатқанын сұрады?

Реклама
Реклама

Вице-министрдің айтуынша, Алматыда дәл осындай диагноздағы науқастарды емдейтін орталықтарда бос орын жоқ. Сондықтан елордаға жеткізуге тура келген.

"Иә, пациенттің жағдайы нашарлаған соң Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа жеткізілді. Бүгінде бұл орталық пандемия кезінде республикалық экстракорпоральді мембран оксигенация интенсив терапиясы ретінде жұмыс істеп жатыр. Бұл әдіс өкпе жасанды тыныс алдыру аппараты көмектеспей жатқанда қолданылады. Сондай-ақ бұл орталық жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастарда тыныс алуы қиындап, жеткіліксіз болғанда қабылдайды. Мұны комарбид пациенттер деп атайды. Алматы тұрғындарына қатысты айтатын болсақ. Қазір мұндай 12 орталық бар. Алматыда да бар. Мұндай ауыр жағдайдағы науқастар Алматы қаласына жеткізіледі. Ол жақта орын толып, бос болмаса, басқа қаладағы орталықтарға жеткіземіз", - деді Ажар Ғиният.

Еске салайық, кеше коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатқаны белгілі болды. Себебі әкім ентігіп, оған жүрек жеткіліксіздігі қосылған. 

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 53 021-ке жетті. 35 137 науқас аурудан айықты, 264 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная