ПОДЕЛИТЬСЯ
29 января 2021 | 19:32
Әр азаматымыз ұлттық байлықтың бір бөлігін алу мүмкіндігіне ие болуы керек - Тоқаев
Әр азаматымыз ұлттық байлықтың бір бөлігін алу мүмкіндігіне ие болуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің үшінші отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Үкіметке нысандардың іске асырылуына қоғамдық мониторинг жүргізу тетігін әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, ол жекешелендіру мәселесінде осы тетіктің басымдығын атап өтіп, IPO құралдарын барынша пайдалану қажеттілігі туралы мәлімдеді.
"Акцияларды бірінші кезекте жеке тұлғалар - Қазақстан азаматтарына өткізе отырып, "Халықтық IPO" бағдарламасын қайта жаңғыртқан жөн. Еліміздің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін алу мүмкіндігіне ие болуы қажет", - деп атап өтті Президент реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес отырысында.
Айта кетейік, Ақордада Қазақстанның ұлттық даму жоспары таныстырылды. Тоқаев бұл жиында ұлттық санақ бойынша тапсырма берген болатын.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также