ПОДЕЛИТЬСЯ
24 июня 2020 | 12:35
Арыстағы инфрақұрылым 90 пайызға қалпына келтірілді - Сатвалдинов
Арыс қаласындағы инфрақұрылым 90 пайыз қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері тыл және қару-жарақ басқармасының басшысы Асылбек Сатвалдинов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арыс қаласындағы инфрақұрылым 90 пайыз қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері тыл және қару-жарақ басқармасының басшысы Асылбек Сатвалдинов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Арыстағы әскери қоймадағы жарылысқа 1 жыл болды. Бүгінде ондағы жағдай бақылауда. Сонымен қатар, қаладағы инфрақұрылымның 90 пайызы қалпына келтірілді", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 2019 жылы 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.
Жарылыс салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала.
Төтенше жағдайдың төртінші күні Арыс тұрғындары үйлеріне оралды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арыстағы жарылысқа жол бергені үшін лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жарияланып, кейбірі қызметінен босатылды.
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Арыстағы жарылыстан мемлекетке шамамен 20 миллиард теңге көлемінде шығын келген.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также