Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 апреля 2018 15:05

Астанада қазақ тілінде қызмет көрсетпеген банкомат үшін жауаптыларға шара қолданылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Астана тұрғыны "Цеснабанк" банкоматының қазақ тілінде қызмет көрсетпейтіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана тұрғыны "Цеснабанк" банкоматының қазақ тілінде қызмет көрсетпейтіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аты-жөнін атағысы келмеген тұрғын редакцияға орыс және ағылшын тілдерінде істеп, қазақ тілінде қызмет көрсетпейтін банкоматты видеоға түсіріп алған. Видеода ер адам бұл банкоматтың Астанадағы сауда орталықтарының бірінде тұрғанын айтады. Роликте "қазақ тілі" батырмасын басса, экран өшеді де, ал орыс және ағылшын тілдерін таңдаса банкомат қызмет көрсетеді. 

"Цеснабанк" АҚ өкілдері Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына берген жауабында бұл банкоматқа жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында инженер қате жібергенін мәлімдеді.  

"Астана қаласы, Тілендиев көшесі, 15, №22 БҚО, "Рахмет" СҮ мекенжайы бойынша орналасқан банкомат бойынша 05.04.2018 ж. бастап 12.04.2018 ж. аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Инженердің жіберген қателігінің нәтижесінде ақпараттың банкоматтар экранында көрсетілуі үшін жауапты файлдардың бір бөлігі толық көлемде жүктелмей қалған. Қазіргі уақытта аталмыш банкоматтағы проблема жойылды", - деп түсіндірді ақауды банк өкілдері. 

Сонымен қатар, банкте қазіргі кезде қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізу және банкомат экрандарындағы ақпараттың барлық тілде дұрыс көрсетілуіне бақылауды күшейту жөнінде шешім қабылданған.

"Жауапты қызметкерлерге тиісті ықпал ету шаралары қолданылатын болады және қосымша оқыту жүргізілетін болады. "Цеснабанк" АҚ өз қызметінде әрқашан ҚР заңнамасын, соның ішінде Тілдер туралы заңды ұстанатындығын баса айтамыз", - дейді банктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети