29 марта 2021 | 18:29

Астанада мереке күндері коронавирус жұқтырғандар саны 10 пайызға өскен

Фото: Тұрар Қазанғапов

Елімізде өткен аптадағы мереке күндері коронавирус жұқтырғандар саны 10 пайызға өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде өткен аптадағы мереке күндері коронавирус жұқтырғандар саны 10 пайызға өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сархат Бейсенованың сөзінше, бұған дейін орташа есеппен аптасына 500 адамға дейін ауырған болса, бүгінде байланыста болғандар арасында 750 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. 

"Бұл қала тұрғындарының арасында да, үй карантинінде режимнің сақталмағанын көрсетеді. Бүгінде белсенді ошақ саны 1736, оның ішінде үй ошағы - 1081, ұйымдастырылғаны 655. Ауру ошақтарында байланыста болған 4172 адам медициналық бақылауда", - деді Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Бейсенова жас құрылымы бойынша ауру жұқтырудың ең жоғарғы деңгейі ересектерде тіркелгенін айтты. 

"Олар жалпы сырқаттану арасында 78,3 пайыз болып отыр. Балалар арасында 19 пайыз және жасөспірімдер арасында 2,7 пайыз. Ересектер арасында 30-39 жас аралығындағы адамдар инфекцияға бейім. Балалар арасында ең жоғары сырқаттану 3-10 жас аралығында іркелген", - дейді қаланың бас санитария дәрігері. 

Еске салайық, бүгін 30 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда да карантин режимі қатаңдайтыны белгілі болды. 

- кинотеатрлар, боулинг, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары бұрынғысынша жабық болады
- қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерді маска тағу қажет
- оқушылар төртінші тоқсанды қашықтан оқиды (11-сыныптан басқа)
- студенттер де қашықтан оқиды
- сауда орталықтары, базарлар мен фитнес-клубтар тек жұмыс күндері ашық болады
-қоғамдық тамақтану орындары, сауналар мен СПА да дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс істейді.
Қаулы 30 наурызда түнде күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная