ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сентября 2023 | 17:49
Астанадағы Талдыкөлді саябаққа айналдыруға не кедергі?
Астана қаласындағы Талдыкөл мәселесі көптен бері жыр болып келе жатыр. Экологтар мен қала тұрғындары бұл аймақты сақтап қалып, парк жасау керек десе, жергілікті билік құрлыс компаниясының сойылын соғып, көп қабатты пәтер салуға рұқсат берген. Талдыкөлдің ендігі қалған бөлігін сақтап, саябақ жасау мүмкін бе? Жергілікті биліктің бұл көлге байланысты қандай жоспары бар? Massaget.kz тілшісі материалында.

Астаналықтар Талдыкөлдің саябақ болғанын қалайды
Талдыкөл аумағында тұратын азаматтар көлдің сақталып, парк болғанын қалайды. Бұл аймақта 3 жылдан бері тұратынын айтқан Батыржан Жетпісбаев отбасымен көлшікке келіп, демалатынын айтады.
"Отбасымызбен Талдыкөлге келіп, құстарға қарап, сергіп қаламын. Негізі бұл жер парк ретінде сақталып қалса, жақсы болар еді. Мысалы ботаникалық паркке бару бізге тым алыс. Ол жерге қоғамдық көлік немесе таксимен ғана баруға болады. Бір жарым шақырым жерге балалармен жаяу бару қиын. Ал үйдің жанында парк болса, жұмыстан кейін құстарды көріп, отбасымызбен демалар едік. Мен өз басым жұмыстан шаршап келген кезде осы жерге келіп, демалып аламын. Мысалы, автобустан түскеннен кейін үйге емес, ең бірінші осы жерге келуге тырсамын. Таңертең келсеңіз бұл жер тіпті тыныш болады. Құстардың даусы ғана естіліп тұрады", - дейді ол.
Материалдың толық нұқсасын мына жерден оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также