17 сентября 2018 21:07

Астаналық келіншек 5 жасар қызы ойыншықтан ауру жұқтырғанын айтты

© pexels.com

Астаналық Нұржамал Бүркітбаеваның қызының денесінде қытайлық ойыншықпен ойнағаннан кейін белгісіз бөртпелер шыққан. Бұл туралы ол Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық Нұржамал Бүркітбаеваның қызының денесінде қытайлық ойыншықпен ойнағаннан кейін белгісіз бөртпелер шыққан. Бұл туралы ол Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді.

Оның айтуынша, ойыншықпен ойнағаннан кейін бес жасар қызының өкшесінде бөртпе пайда болған. Сөйтіп, қызын дереу ауруханаға апарған. Дәрігерлер оның аяғын жәндік шаққанын айтып, дәрі жазып берген. Оны бір апта бойы жаққаннан кейін қызының көз тұсында тағы да бөртпе шыққан. 

Реклама
Реклама

"Көзі қызарып тұрды. Аллергологқа апарған едім, паразит бар болуы мүмкін деді. Сараптама жасағаннан кейін бәрі жақсы болып шықты. Содан кейін тағы дәрі берді, паразит көрінбей тұрған болуы мүмкін деді. Бір апта өткенде бөртпесі кетіп, кейін қолына шыға бастады. Сонда ғана педиатр қуыршақпен ойнатпауды ұсынды. Содан кейін міне, жарты жылдан асты, үстіне ештеңе шыққан жоқ", - деп оқиғасын бөлісті астаналық келіншек. 

Өз кезегінде студияға келген сарапшы, "Әділет" тұтынушылардың құқықтарын қорғау" қоғамдық бірлестігінің басқар төрағасының орынбасары Тұрсын Джакпарова мұндай жағдайда тұтынушы құқығын қорғаудың шараларын жасау қажеттілігіне тоқталды. 

"Қолыңызда чек болмағанның өзінде, сол ойыншықты көрген куәгер арқылы дүкеннің үстінен шағым айтуға болады. Тіпті болмаса заң бойынша барлығын суретке немесе видеоға түсіруге құқығыңыз бар. Сондықтан сіз дәрігерге жұмсаған ақшаңызды өндіріп беруін талап ете аласыз", - деген кеңесін айтты сарапшы.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram