Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 апреля 2018 11:26

Асық: Мамандар ұлттық ойынның пайдасы жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Жасы отызға таяғандар бала кезінде жаппай асық ойнаған буынның соңғы легіне жататын болар. Қазір бұл ойынның балалар үшін қызығы жоқ, қалада болған соң көрмей жүрсің деушілер табылар. Ауылдағылардан да сұрадық арнайы, "қайдағы асық, соткадан көз алмайды" дейді ауылдықтар. Ешкімге де балаларыңызға ұялы телефондар мен планшеттерін тартып алып, асық ұстат дегім келіп тұрғаным жоқ. Тек осы асық ойнының қандай пайдасы болғанын жазу ғана. Әрбір ер адамның балалық шағындағы сүйікті ойынының пайдасы туралы Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар. 


Жасы отызға таяғандар бала кезінде жаппай асық ойнаған буынның соңғы легіне жататын болар. Қазір бұл ойынның балалар үшін қызығы жоқ, қалада болған соң көрмей жүрсің деушілер табылар. Ауылдағылардан да сұрадық арнайы, "қайдағы асық, соткадан көз алмайды" дейді ауылдықтар. Ешкімге де балаларыңызға ұялы телефондар мен планшеттерін тартып алып, асық ұстат дегім келіп тұрғаным жоқ. Тек осы асық ойнының қандай пайдасы болғанын жазу ғана. Әрбір ер адамның балалық шағындағы сүйікті ойынының пайдасы туралы Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар. 

Асық ойынының пайдасын білмек үшін PhD докторы, профессор, психолог-кинезиолог, Қазақ психология қоғамының вице-президенті Күлмаш Елшібаеваға хабарластық. Асық сияқты физикалық ойын мен психологияның қандай байланысы бар демес үшін ескертпе, кинезиология - бұлшық еттің барлық қозғалысын зерттейтін ғылыми және практикалық пән. Оның үстіне баланың психикалық дамуына ойынның үлкен рөл атқаратынын мамандар ғана емес, қарапайым жұртшылықтың бәрі білсе керек. 

Маманның сөзінше, асық ойнау кезіндегі мида болатын процестер біріншіден, баланы тыныштандырады, екіншіден, логикалық ойлау қабілетін дамытады, ал үшіншіден баланың кез келген жағдайда шешім қабылдауға үйретеді. Сонымен қатар, маманның пайымынша, домалаған асықты бақылап, көз бұлшық еттерін қозғалтуы көру қабілетіне де оң әсер етуі мүмкін. 

"Біріншіден, асық шиірген уақытта баланың ұсақ моторикасы дамиды. Ал ұсақ моторика тікелей миға байланысты. Оң жақ жарты шар және сол жақ жартышардың арасындағы нейрондар байланысы күшейеді. Баланың логикалық ойлауы жақсарады. Саусақтағы ұсақ моториканың дамуы ол - мидың дамуы деп ойлай беріңіз", - дейді Күлмаш Ғалымжанқызы.

Осыдан кейін Күлмаш Ғалымжанқызына ұсақ моторика қашан дами бастайтыны және қашан қалыптасып бітетіні жайлы сұрақ қойдық. 

"Сәби шағынан, тіпті құрсақта жатқан кезінен дер едім, анасының саусағынан ұстағанының өзі осы ұсақ моториканы дамытады. Ал ұсақ моторика қалыптасып бітеді деуге келмейді. Ол өмір бойына жүретін процесс. Өзім егде адамдардың психологиясымен айналысамын. Ұсақ моторика арқылы миға жаттығу жасалады", - дейді маман.


© SportPortal.kz

Осы асық ойынының қашан шыққаны туралы этнограф Махмұт Құлментегінен сұрағанымызда, оның ұшы тым арыда екенін түсіндік. 

"Ботай мәдениеті туралы естіген боларсыз (б.ғ.д. V-IV ғасырлар). Осы кезде адамдар жылқыны үйретті. Ал жылқы ірі мал, оңай үйрене қоймайды. Қой-ешкі болса ұсақ, оларды қолға үйрету оңай болды. Яғни адамдар қойды жылқыдан бұрын асыраған. Асық осыдан бастап келе жатқан болуы мүмкін", - дейді ол. 

Осы орайда бұл ойынның неге буынға біткен асық сүйегімен ойналатынын сұрадық. Махмұт Құлментегінің айтуынша, асық баланың өлшемдік танымын дамытып, мергендікке баулиды. Баланы 3 жасынан атқа отырғызып, 7 жасынан әскери өнерге баули бастаған көшпенділер үшін өлшемдік ұғымы мен мергендік аса маңызды болған. Мұмкін ертеде таспен ойнаған болар, көшпенділер ешқандай затты бекер тастамаған, тері, жүн, сүйек пен мүйізді де жарата білген.

Осылайша, әр сала мамандарының асық ойының баланың психикасына, ойлау жүйесіне және физикалық дамуына оң әсері туралы айтқаны бір жерден шығып тұр. Ендеше осы ойынды лайықты деңгейде бағалай алдық па?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети