29 июня 2020 12:20

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасқандар саны артты - Балаева

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қағаз жүзінде ажырасқан отбасылар көбейген. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қағаз жүзінде ажырасқан отбасылар көбейген. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр елімізде 2017 жылы және 2019 жылы ажырасқан отбасылардың санын салыстырды. Айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін былтыр жалған ажырасқан отбасылар көбейген.

Реклама
Реклама

"Ажырасқан отбасылардың көбеюі ел үшін үлкен проблема болып отыр. 2017 жылы 55 мың факт, я болмаса жалпы тіркелген некенің 39 пайызы болса, 2019 жылы 60 мыңға жуық ажырасу, я болмаса 43 пайыз болды. Бұл мәселеде бір фактіні атап өткім келеді. Ажырасудың осынша көп болуына атаулы әлеуметтік көмекті енгізу де ықпал етті. Адамдар материалдық көмек үшін жаппай қағаз жүзінде, өтірік ажырасқан. Қазір қоғамда болып жатқан кез келген өзгерістер отбасыларға кері әсер әсер етуі мүмкін.

Сондықтан мемлекеттің басты әлеуметтік басты міндеті - отбасын, ана мен баланы қорғау. Биыл "2030 жылға дейін отбасы-гендерлік саясат" концепциясының екінші кезеңі іске асырылады. Бұл отбасы институтын нығайту, денсаулық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталады", - деді ол.

Айта кетейік, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.

Бұған дейін Аида Балаева "Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарналары қашан іске қосылатынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram