24 ноября 2023 | 09:53

Аудан әкімдігі жүргізушісі қызметтік көлікпен бастығының қызын тасып жүр: әкімдік өкілдері пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің жүргізушісі күн сайын қызметтік көлікпен аудан әкімдігі аппараты басшысының қызын таситыны туралы ақпарат тарады. Massaget.kz тілшісі осы ақпаратқа қатысты Жетісу облысы әкімдігіне сауал жолдады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің жүргізушісі күн сайын қызметтік көлікпен аудан әкімдігі аппараты басшысының қызын таситыны туралы ақпарат тарады. Massaget.kz тілшісі осы ақпаратқа қатысты Жетісу облысы әкімдігіне сауал жолдады.

Материалдың толық нұсқасы МЫНА ЖЕРДЕ.

Ведомство мәліметінше, кеше аудан әкімдігі жүргізушісі аппарат басшысының қызын көріп қалып, мектепке апарып тастаған.

Реклама
Реклама

"Аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мөлдір Ғабитқызы мемлекеттік нөмірі 268 AG 19, "Hyundai TUCSON" маркалы қызметтік автокөлігін тек қызметтік мақсатта және жұмыс уақытында пайдаланып жүр. 23 қарашада таңғы сағат: 07.40-та аппарат басшысы Мөлдір Ғабитті сол қызметтік көлікпен жеке жүргізушісі С. Кетпенбаев жұмыс орнына жеткізіп тастап, автокөлікті жуып келетінін ескертіп көлік жуу орнына сұранып кеткен. Көлік жуу орнынан қайтып келе жатқанда, аппарат басшысы Мөлдір Ғабиттің мектеп оқитын қызын көріп қалып, ешкімнің рұқсатынсыз мектепке дейін жеткізіп тастап, жұмыс орнына келген", - делінген Кербұлақ ауданы әкімдігінің Massaget.kz-ке жауабында.

Ведомство өкілдері көлік жүргізушісі бұл туралы аппарат басшысына ескертпегенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында ауыл әкімі 14 жастағы баланы қағып кеткені хабарланды.

Материалдың толық нұсқасы МЫНА ЖЕРДЕ.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная