10 сентября 2020 | 12:03

Аурудың тәуліктік өсімі 0,1 пайыз - Тоғжанов коронавирус туралы

Даурен Ерболат Журналист
Фото: elements.envato.com

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде коронавирус жұқтыру өсімі 0,1 пайыз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде коронавирус жұқтыру өсімі 0,1 пайыз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, аурудың тәуліктік өсім 0,1 пайыз. Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелді. Осы жылдың 5 шілдесінен бастап ауруларды төсек-орындармен қамтамасыз ету қажеттілігі 6 есеге, коронавирус мәселелері бойынша жедел медициналық көмекке шақырулар саны 5 есеге азайды. Науқастардың 99 пайызы сауығып, отбасыларына аман-есен оралды. Бұл COVID-19-бен күресудің дұрыс жолы таңдалғанын, оның нақты нәтижесін көрсетеді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, премьер-министр орынбасары дүние жүзіндегі коронавирус жағдайына тоқталды.

"Қауіп әлі сейілген жоқ. Әлемде күн сайын коронавирус жұқтырудың 250 мыңнан аса дерегі тіркеліп, 5 мыңнан аса адам өлімі тіркеліп жатыр. Италия, Франция, Германия, Австрия, Испания, Ұлыбритания, Түркияда ауру өсімі байқалады. Сондай-ақ, Қазақстанмен көршілес ТМД-ға кіретін мемлекеттердің арасында мәселе жоқ емес. Ресейде бүгінде аурудың өсімі 0,5 пайыз, Өзбекстанда 0,9 пайыз, Тәжікстанда 0,4 пайыз. Біз - осы елдермен барлығымен тығыз байланыс орнатып отырған мемлекетпіз", - деп түйіндеді сөзін Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 498-ге жетті. 100 042 науқас дертінен айыққан, 1 646 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ, 1 тамыздан бері коронавирус белгісі бар 28 228 дерек тіркелген, 316 науқас аурудан көз жұмған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная