23 августа 2021 | 13:03

Аймағамбетов мектепте қай мамандар 100 пайыз қосымша ақы алатынын айтты

Фото ©REUTERS

Қазақстанда бір бағдарлама бойынша жұмыс істеп, бюджеті, мүмкіндігі бірдей болғанына қарамастан жетістігі әртүрлі болатын мектептер бар. Бұл көрсеткіш мектеп директорына тікелей байланысты. Сондықтан алдағы уақытта мектеп мамандарына қосымша ақы тағайындалады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бір бағдарлама бойынша жұмыс істеп, бюджеті, мүмкіндігі бірдей болғанына қарамастан жетістігі әртүрлі болатын мектептер бар. Бұл көрсеткіш мектеп директорына тікелей байланысты. Сондықтан алдағы уақытта мектеп мамандарына қосымша ақы тағайындалады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрінің айтуынша, тиімді менеджмент нәтижесінде мектепте кәсіби ұжым мен оқуға арналған қолайлы орта құрылады. Сондықтан осы мәселеге назар аудару өте маңызды.

"Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, айырмашылық көбінесе мектеп басшысына байланысты. Өйткені тек мықты директор ғана үздік нәтижелерге қол жеткізетін ұйымшыл ұжым қалыптастыра алады. Мұндай директор жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-ана, оқушы және білім беру құрылымдарымен ашық жұмыс істейді. Сонымен қатар, қызметкерлерді жігерлендіріп, тек жетекші болып емес, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы да бола біледі", - деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Министр алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына аттестаттау және біліктілік санатын беру жүйесі енгізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі және екі кезеңнен тұрады.

"Бірінші кезеңде заңнама бойынша білімін тексеруге арналған және басқарушылық құзыреттері бойынша тест тапсырады. Екінші кезеңде білім беру ұйымдарының басшылары белгілі бір уақыттағы атқарған жұмысының тиімділігі бағаланады", - деді ол.

Аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия атқаратын лауазымына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы және үш санаттың біреуін беру туралы шешім қабылдайды. Яғни, лауазымына сәйкестігі белгілі болса, директорға санат беріледі. Керісінше, лауазымға сәйкес емес болса, директор жұмыстан босатылуы мүмкін.

"Берілген санатқа байланысты директор немесе оқу ісінің меңгерушісі санат үшін лауазымдық жалақыдан 30 пайыз, 70 пайыз, 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы алады. Сонымен қатар, мектеп директоры мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақысы жыл сайын 25 пайызға артады. Бұл шаралардың барлығы мектеп басшылығының жалақысын мұғалімдердің орташа жалақысының деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді", - деді министр.

Министр бүгінде кадр мәселесі маңызды орынға шыққанын айтты. Директор немесе оқу ісі меңгерушісіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, бұл лауазымда жұмыс істеуге ниетті мықты қызметкерлер қатары сирек. Оның себебі де мәлім. Министрдің айтуынша, мұғалімдермен салыстырғанда директорларға жауапкершілік көбірек жүктеледі және жалақының төмен болуына байланысты мықты педагогтер мектеп директоры болғысы келмей жатады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша біз мектеп басшылығы лауазымына тағайындау тәртібі, біліктілікті арттыру жүйесі, еңбекақы төлеу және мектеп директорларын аттестаттау рәсімін қайта қарап жатырмыз. Сондай-ақ, ротация бойынша жаңа институты енгізіліп жатыр", - деді ол.

Дегенмен, қабылданып жатқан бұл шаралар мектеп басшысы лауазымына ең мықты мамандарды тарту үшін жеткіліксіз, дейді министр.

"Қазір біз аттестаттауды және жұмыс тиімділігі үшін қосымша ақы төлеу жүйесін енгізіп жатырмыз. Сондай-ақ мектептің жобалық қуаттылығына байланысты лауазымдық жалақыны дифференциялауды енгізу жоспарда бар. Сондықтан алдағы уақытта да біз мектептерді ең мықты педагогтердің басқаруы үшін шаралар ұсынатын боламыз", - деді министр.

Еске салайық, мұның алдында білім және ғылым министрі Асхат Аймағмабетов тамыз конференциясында Қазақстандағы білім беру ұйымдары директорына еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту жоспарлары туралы айтқан еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная