Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 мая 2021 16:43

Бажасының кесірінен қызметінен айырылған Жұмабек қазір қайда жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото inbusiness.kz сайтынан Фото inbusiness.kz сайтынан

Наурызда Желіде "Жұмабектің бажасы" видеосынан кейін қызу талқыланған Жұмабек Төлегеннің лауазымы төмендеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Наурызда Желіде "Жұмабектің бажасы" видеосынан кейін қызу талқыланған Жұмабек Төлегеннің лауазымы төмендеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді.

"Жұмабек Төлеген екі апта бұрын инспектор лауазымына төмендеді. Қазіргі уақытта Отырар аудандық полиция бөлімінде жұмыс істейді. Өзі бұрыннан отбасымен сонда тұрады. Инспектор болғанға дейін бір ай резервте тұрды", - деді ведомство өкілі.

Желіде "Жұмабектің бажасы" туралы ән шықты

Еске салайық, таяуда әлеуметтік желілерде видео тараған, онда қарсы жолмен келе жатқан көлікті полицейлер тоқтатқаны, бірақ жүргізуші тәртіп сақшысының сөзін елемей, "Жұмабекке хабарлас" деп оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді.

Ескерту! Былапыт сөз айтылады.

Түркістан облыстық ПД өкілдері жүргізуші ұсталғанын, ал оны жібере салған қызметкерге қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған.

Кейін Жұмабек деген кім екені анықталған еді. Өңірлік полициядағылар Отырар аудандық ПБ-да шын мәнінде Жұмабек Төлеген деген полиция майоры жұмыс істейтінін мәлімдеген. Ол әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, оның қоластында екі қызметкер болған.

Артынша "Жұмабек жұмыстан шықты" деген ақпарат тараған. Бірақ полициядағылар бұл ақпаратты жоққа шығарып, Жұмабек Төлеген бөлімше басшысы лауазымынан айырылғаны рас, бірақ ішкі істер органдарында қалатынын айтқан болатын. 

GTA, такси, футбол. Қазнетте "Жұмабектің бажасы" туралы әзіл көбейді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети