ПОДЕЛИТЬСЯ
17 сентября 2020 | 12:23
Балаева "Ашық үкімет" порталының жұмысын сынға алды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Ашық үкімет" порталының жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Ашық үкімет" порталының жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде министрлікте мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау мәселесі қаралды. Ведомство басшысы бұл салада олқылықтар барын ашық айтты.
"Өкінішке қарай, мемлекеттік органдардың "Ашық үкімет" порталына сын айтуға тура келіп отыр. Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері деректерінің жаңаруы 60 пайыздан да төмен екен. Бұл мәселені тұрақты түрде саралап отыру керек. Өйткені, Президент осындай талап қойып отыр", - деді министр Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында.
Сондай-ақ, Аида Балаева квазимемлекеттік сектор саласындағы ақпарат ашықтығын бақылауға алу керегін жеткізді. Министрдің пікірінше, бұл мәселеге немқұрайлы қарап отырған басшыларды жауапқа тарту керек.
"Біз комиссия отырысында осы мәселеге немқұрайлы қарап отырған мемлекеттік органдарды тыңдаймыз. Егер ешқандай нәтиже болмаса, бұл мәселеге қатысты біздің де, комиссияның ұсыныстары болады. Бұл - басшыларды жауапқа тарту мәселесі. Енді қайта-қайта бір мәселені айта беруге болмайды ғой. Себебі, комиссияда бірталай осы мәселе көтерілді. Сондықтан бұл жұмысты жетілдіру керек. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын осы мәселені бақылауға алуы қажет", - деді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также