20 апреля 2021 | 15:30

Балалар арасында коронавирустан өлім-жітім тіркелген жоқ - дәрігерлер

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Балалар арасында коронавирустан өлім-жітім тіркелген жоқ. Бұл туралы Алматы қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Балалар арасында коронавирустан өлім-жітім тіркелген жоқ. Бұл туралы Алматы қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айнұр Уәлиеваның айтуынша, маусымдық аурулармен ауруханаға түсетін балалардың саны да айтарлықтай азайған.

"Балалар арасында коронавирустан өлім-жітім тіркелген жоқ. Жылдағыдай маусымдық, инфекциялық аурулар, энтеровирустық аурулар, ЖРВ аурулары кездесіп тұрады. Алайда, коронавирусқа байланысты біз бір жылдан бері эпидемиологиялық шектеу жағдайларында өмір сүріп жатқандықтан қызылша, қызамық, желшешек, көкжөтел сияқты балалар инфекциялық ауруларының күрт төмендегенін, тіпті жоқтың қасы деп айтуға болатынын байқадық", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол пандемия басталғалы "коронавирустың алдын алу үшін қажет" деп жарнамаланатын дәрумендерге қатысты пікір білдірді.

"Балалардың, тіпті, ересектердің ағзасы әртүрлі дәруменге әртүрлі жауап қайтаруы мүмкін. Сондықтан, дәл осы дәрумен коронавирустың алдын алады, алып ішу керек деп айта алмаймыз, себебі дәруменнің өзі әр адамға жеке тағайындалуы тиіс. Егер балада қанның аздығы немесе соған бейімділік болса, дәрумен жеткіліксіздігінің белгілері байқалса міндетті түрде жергілікті дәрігерге барып, тиісті зертханалық тексерістен өтіп, расталған жағдайда дәрумен ішу тағайындалады", - деді Айнұр Уәлиева.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, балаларға коронавирус жұқпау үшін, яғни алдын алу үшін ұсынылатын басты шаралар мыналар - таза ауада серуендеу, арақашықтықты сақтау, көп адам шоғырланған жерлерге, ауасы желдетілмейтін жерлерге бармау.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная