Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 мая 2018 10:27

"Баланы қуыршақ деп қабылдайды" - Психолог сәбиді сабаған әйел жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Өз баласын аяусыз тепкілеп, сабаған әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде таралып, жұрттың жағасын ұстатты. Қазіргі уақытта видеодағы әйелді құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Көпшілік видеодағы әйелді баланың анасы деп қабылдап, оның мұндай аяусыз әрекетінен дел-сал. Алайда видеодағы баланы қуыршақ деп ойлағандар да бар. Ересектер неге балаларға қатыгездік танытады, өмірдегі ең жақын адамының мұндай қадамға баруына не түрткі болатыны жайлы Tengrinews.kz тілшісі психолог маманнан сұрап көрді.


Өз баласын аяусыз тепкілеп, сабаған әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде таралып, жұрттың жағасын ұстатты. Қазіргі уақытта видеодағы әйелді құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Көпшілік видеодағы әйелді баланың анасы деп қабылдап, оның мұндай аяусыз әрекетінен дел-сал. Алайда видеодағы баланы қуыршақ деп ойлағандар да бар. Ересектер неге балаларға қатыгездік танытады, өмірдегі ең жақын адамының мұндай қадамға баруына не түрткі болатыны жайлы Tengrinews.kz тілшісі психолог маманнан сұрап көрді.

Тоғыз жылдан бері отбасы психологиясымен айналысып жүрген маман Алмас Ақынның айтуынша, мұның ең бірінші себебі - анасының өз ішіндегі психологиялық немесе эмоциялық жарақаты.

"Ажырасқан болуы мүмкін немесе сондай бір эмоциялық күйзеліс болған. Себептері көп, бірақ бастысы - өзін ана ретінде сезінбеуі. Мұндай әйелдердің дүниетанымында ана рөлі жоқ. Бойындағы бұл қасиетті кезінде өзінің ата-анасы аша алмаған, яғни аналық өмірге дайындамаған. Жас ана баланы қуыршақ ретінде қабылдайды. Қуыршақ жыламай, әдемі болып отырады, ал бала жылайды, оған махаббатын сездіріп, ана ретінде қарауы керек", - деп пікірін айтты психолог.

Сондай-ақ, маманның айтуынша, бұл жағдайды түсіну үшін махаббаттың төрт түрін анықтап алу қажет.

"Оның біріншісі - бала махаббаты. Бұл махаббат түрі - берсең ғана ризамын, бермесең риза емеспін дегенге саяды. Екіншісі - сауда махаббат - "маған берсең, мен де саған беремін" деген ұстаным. Үшінші махаббат түрі - жауапсыз. Мұнда қайтарымсыз, негізі шынайы махаббат осы жерден басталады. Бұл жағдайда сіз бересіз - бергеніңізге қайтарым сұрамайсыз. Ал төртіншісі әулиелердің деңгейіндегі махаббат - сізге тас атса да, махаббатпен қарай алу. Біз көбінде осының бірінші және екінші түрінде қалып қоямыз", - деді ол.

Маман жас отбасылар мұндай сұмдық жағдайдың алдын алуы үшін психологиялық тренингтер мен курстарға баруы керек екенін айтады. "Қазақ өзінің салт-дәстүрінен, өзінің рухани ядросынан алыстап кетті. Рухани тәрбие азайып барады. Психологиялық тұрғыда өз баласына қатыгездік танытқан адам - тірі өлік. Яғни заттай ұғымды денесі бар да, рухани жұмыс, жанымен жұмыс жасау мәселесі соңғы орында қалып қойған. Содан адам рухани саяз болғандықтан, түкке тұрғысыз дүниеауи жағдайлардан күйзеліске түсіп, әлсірейді", - дейді маман. 

Алайда, маман бұл жағдайда психологиялық тұрғыда кінә көбінде анасында болады дейді. Ал әкесінің нағыз тәрбие беретін жасы 4-5-тен басталады екенде, ал бұл жасқа дейін ол отбасын материалдық жағынан қамтамасыз етуі керек. Ал осындай қатыгездіктің құрбаны болған баланың болашағы, маманың айтуынша, күрделі мәселе. Оның пікірінше, бұл бала үшін үлкен күйзеліс. 

"Алайда бала бұл күйзелістен жазыла алады. Қауіп төнген баланы психологиялық тұрғыда емдемесе, есі кіре бастағанда болашақта қатыгез ересек адамның рөліне өзі түсіп, өз баласына сондай қатыгездікті көрсетуі мүмкін", - деді ол.

Аз-кем статистика

Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда жасы 1-14 аралығындағы балалардың жартысынан көбі, яғни 52,7 пайызы ата-анасынан немесе үйіндегі ересектерден психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылық көрген. Балалардың 47,2 пайызы психологиялық агрессияға ұшыратылған, 26,2 пайызына дене күші қолданылған. 35,5 пайыз ұл балалар мен 42,7 пайыз қыз балалар ғана зорлық-зомбылық әдісі қолданылмай тәрбиеленген.

Қазақстанда шамамен 0-17 жастағы бес баланың төртеуі, яғни 82,0 пайызы ата-анасының екеуі де бар толық отбасында, 13,1 пайызы - тек анасымен, ал 1,1 пайызы - тек әкесімен тұрады. Қазақстанда 10-14 жастағы балалардың 1 пайызынан кемі жетімдер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети