04 апреля 2024 | 10:17

"Баланың фотосуретіне, руына қарап таңдауға болады". Елімізде ұрық саудасындағы сұраныс қандай?

Фото: pixabay.com

Елімізде шәует донорларын бақылайтын арнайы база жоқ. Эмбриолог Еларман Бұянжарғал бұл мәселе Парламентте көтерілгенін айтады. Оның сөзінше, елімізде аталық және аналық ұрықтарын тапсыратындар артып бара жатыр. Ал, мұның кері тұсы да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде шәует донорларын бақылайтын арнайы база жоқ. Эмбриолог Еларман Бұянжарғал бұл мәселе Парламентте көтерілгенін айтады. Оның сөзінше, елімізде аталық және аналық ұрықтарын тапсыратындар артып бара жатыр. Ал, мұның кері тұсы да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

- Кім ұрық доноры бола алады және оның қызмет құны қанша теңге?

Реклама
Реклама

Биоматериалдарын тапсырған ер мен әйелдердің көбі донорлыққа қосымша қаражат көзі ретінде келеді. Донорлардың көпшілігі жастар, өйткені донор ретінде 18-35 жас аралығындағы азаматтар қарастырылады. Донордың биоматериалының бағасы әр мекеменің экономикалық және қаржылық жағдайына байланысты әртүлі болып келеді. Ал, шамамен айтсақ, бір рет биоматериалын тапсырған адам 15-40 мың теңге аралығында ақша ала алады. Мәселен, ер адам клиникамен келісімшартқа отырып, бірнеше ай ұрығын тапсыратын болса, 700-800 мың теңгеге дейін ақша таба алады. Ол қалай? Бір донордан клиника 50 доза алуы керек. Міне, осы мақсат бойынша келісімшарт жасалады.

- Донорларға қандай талаптар қойылады?

Донорларға қойылатын нақты талаптар бар. Оның ең негізгісі – жоғары және орта білім болуға тиіс. Жалпақ тілмен айтсақ, кез келген адам көшеден келіп тапсыра алмайды. Ер адамдарда донор болу нақты 3 этаптан тұрады. Біріншіден, ұрықтың сапасы тексеріледі және уролог-андролог маманның қарауынан өтеді. Сонымен қатар ВИЧ, сифилис секілді анализдер тапсырады.

Екінші бөлігінде одан күрделі сараптамалар жүргізіледі. Мысалы, генетикалық тұқымында ауытқушылық бар ма, тұқым қуалайтын аурулардан таза ма деген сынды дүниелер қаралады. Онымен қоса, резус-фактор қандай? Жыныстық жолында қандай да инфекция бар ма? Сол анықталады. Екінші кезеңнің соңында донор психолог маманның қабылдауында болады. Адамның психологиялық портреті жасалады.

Үшінші кезең - келісімшарт жасалады. Донор биоматериалынан пайда болған адамдарға жоламайды және іздемейді. Донор бәрінің анонимді болатынына келісім береді. Сондай-ақ донорды қолданған пациенттерде де биоматериалды тапсырған адам жөнінде ақпарат ала алмайды. Былайша айтқанда, донор болған адам ешқандай жауапкершілік алмайды.

- Келешекте бір адамның ұрығынан дүниеге келген бірнеше адам бір-бірімен үйленуі мүмкін бе?

Донордың жеке анкетасы болады. Онда қан тобы мен ұлты жазылады. Мәселен, қазақ донор болса, міндетті түрде руы жазылады. Біздің талабымыз бойынша донордан 10 бала дүниеге келсе, ол келесі жолы донор бола алмайды. Бұл Денсаулық министрлігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген. Өкініше қарай елімізде донор болған адамдардың тіркейтін ортақ база жоқ. Яғни оларды бақылап отыру қажет. Мысалы, донор бір клиникаға тапсырып, сосын басқа орталыққа барып тапсырып жүр ме, ол жағы белгісіз. Еуропада бұл мәселе бір ізге түскен. Оларда ортақ базалары бар және донордан 20 бала туылса болды басқа жақта биоматериалдарын тапсыра алмайды. Бізде ондай жүйе жоқ. Бұл өте өзекті мәселе мәжілісте де көтерілген еді, кейін жабулы күйі қалды.

Болашақта балалары кездесуі мүмкін бе, жоқ па – бұл өзекті мәселе болып қалып отыр. Біз донор болған адамның 3 жасқа дейінгі фотосын сұраймыз, өйткені болашақ әке-шешесіне баланың түрі ұқсауы керек. Фотосуретін қарап әке-шешесі сол шәует клеткасына тапсырыс береді. Осылайша ата-анаға қосымша ақпарат береміз.

- Бұл процесс әйелдерде қалай жүреді?

Әйел адамдарда өзінің аналық ұрық клеткаларын тапсырады. Оларда ер адамдай сияқты емес, клетканың санына байланысты болады. Мысалы, әйел адамда бір стимуляция нәтижесінде 10-20 аралығында ғана клетка шығады. Әйел донорға да ерлерге қойылатын талап қойылады. Сондай-ақ бұрын табиғи жолмен бала көтерген азаматша болуға тиіс.

- Донорлар бұған негізгі табыс көзі ретінде қарай ма?

Жалпы, әйел адамның етеккірі айына бір рет келеді, сондықтан олар айына тек бір рет тапсыра алады. Ол жерде шыққан клатканың санына байланысты ақша алады. Кейін келесі ай қайта тапсыра алмайды, себебі ағза бір ай демалуы керек. Өйткені әйел адамға көп жүктеме түседі. Сондықтан ай сайын барып, тапсыру жүреді алады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ерлерге келсек, келісімшарт бойынша 50 дозаны тапсыруы керек деп есептесек, аптасына екі рет тапсырады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram