Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 мая 2019 15:17

Банк картасындағы қандай мәліметтер бөтен қолға түспеуі керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Бүгінде елімізде екінің бірі қолма-қол ақшасыз есептесуді жөн көреді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылдың қаңтарынан биылғы ақпанға дейін Қазақстанда ақшасыз жасалған төлем 622 миллиард теңгеге жеткен. Бұл интернет-банкингтің дамығаны деп айтуға болады. Сондықтан қазіргі таңда кез келген банк өз клиенттері мен карталарының қауіпсіздігі үшін барлық шараны қабылдайды. Дегенмен бөгде біреудің банк картасын қолданып, алаяқтық жасайтындар азаяр емес.


Бүгінде елімізде екінің бірі қолма-қол ақшасыз есептесуді жөн көреді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылдың қаңтарынан биылғы ақпанға дейін Қазақстанда ақшасыз жасалған төлем 622 миллиард теңгеге жеткен. Бұл интернет-банкингтің дамығаны деп айтуға болады. Сондықтан қазіргі таңда кез келген банк өз клиенттері мен карталарының қауіпсіздігі үшін барлық шараны қабылдайды. Дегенмен бөгде біреудің банк картасын қолданып, алаяқтық жасайтындар азаяр емес.

Осы қауіптің алдын алу мақсатында Tengrinews.kz тілшісі заңгер, банк саласындағы маман Данияр Түймебаевтан бөтен адамға банк картасындағы қай мәліметтерді айтуға болатын-болмайтынын, алаяқтардың жиі қолданатын әдістері мен олардың сақтану жолдары жайлы сұрап білді.

Реквизит деген не?

Заңгердің айтуынша, банк картасының нөмірі картаның реквизиттерінің бірі болып саналады екен. Реквизиттер деп отырғанымыз, картада көрсетілген барлық нөмір, оның барлығында құпия мәліметтер сақталады.

Реквизиттер деген не?

- Карта иесінің латынша жазылған аты-жөні;
- Картаның мерзімі;
- 16 таңбалы нөмір;
- Картаның екінші бетіндегі үш таңбалы CVC код

"Бірақ, өкінішке қарай, көбіміз ол сандардың барлығы құпия мәлімет емес деп, тек пин-код құпия мәлімет деп санаймыз. Ол дұрыс емес. Төлем жүйесіндегі ережелер бойынша, бөтен біреуге реквизиттерді беруге болмайды. Картаның бет жағындағы 16 таңбалы нөмір өзіндік идентификатор болып саналады. Ол сандар арқылы картаның қайдан, қай банктен шыққанын және ондағы төлем жүйесін анықтауға болады. Банктегілер кез келген реквизиттің банк иесі емес, басқа біреудің қолында екенін білсе, оны бірден бұғаттап тастауға міндетті", - дейді маман.

Бөтен адамға картадағы қай мәліметтерді беруге болады?

Заңгердің айтуынша, көбі банк картасының нөмірімен қоса, аты-жөні мен телефон нөмірін беріп жатады. 

"Бұл қаскөйлердің қылмыс жасауына мүмкіндіктерді көбейтеді деуге болады. Қандай да бір шұғыл операциялар жасау үшін, яғни ақша аудару үшін 16 таңбалы нөмірді беру жеткілікті. Себебі ол нөмірде терген кезде карта иесінің аты-жөні онсыз да шығады", - дейді Түймебаев.

Алаяқтар картадағы мәліметтерді қалай пайдалануы мүмкін?

Карта реквизиттері арқылы, заңгердің айтуынша, онлайн сауда-саттық жасап немесе бір-біріне ақша аударуға болады. Алаяқ сіздің картаңызға қатысты көбірек мәлімет білген сайын сіздің ақшаңызды иеленуіне деген қауіп арта түседі. 

"Картаны қолдану мерзіміне қатысты сандарды беру өте қауіпті. Оның көмегімен Интернет алаңындағы кез келген дүкеннен сауда жасауға болады деп айтуға болады. Телефон нөміріне келетін SMS-хабарламаларды да олар оңай жолмен біле алады. Алаяқтардың жиі қолданатын әдісі - вирустық бағдарламалық жасақтама орнату, Ол арқылы кез келген банк картасының реквизитін білуге болады. Сондықтан ешқашан да картаның CVV2/CVC2 кодтарын және оның мерзіміне қатысты сандарды бермеуге кеңес беремін. Ол пин-код нөмірінен де қауіпті деп айта аламын", - деп ескертті Данияр Түймебаев.

Осы ретте заңгер Интернетте сауда жасағанда немесе онлайн төлем жасағанда косымша аутентификация (сәйкестендіру коды) орнатуға кеңес береді. Мысалы, 3-D Secure - MasterCard SecureCode, Verified by Visa аутентификациялары. Айтуынша, бұл технология толықтай қауіпсіздікке жауап береді.


© pixabay.com

"Сондай-ақ, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған алаяқтардан сақтанған жөн. Олардың сіздердің телефон нөмірлеріңізді біліп немесе электронды поштаңыз арқылы сізге байланысқа шығып, төлем картасына қатысты қосымша мәліметті талап етуі мүмкін. Ешкім де жеке құжатқа қатысты қандай да бір мәліметті талап ете алмайды. Әсіресе, телефон немесе пошта арқылы. Қажет болған жағдайда бірінші кезекте банкке бару қажет", - дейді Түймебаев.

3-D Secure деген не?

3D Secure технологиясы (ағылшын тілінен аударғанда - Three-Domain Secure) - Интернетте картамен төлем жасаған кезде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи технология. Интернет арқылы төлем жасаған кезде телефонға SMS-хабарлама түрінде жіберілетін арнайы бірреттік 3D Secure құпиясөз карта иесін сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Картаны 3D Secure қызметіне қалай қосуға болады?

1. Төлем картасын ашқан кезде Банкте көрсеткен телефон нөміріңізге SMS-хабарлама жіберіледі.
2. Телефоныңызда SMS-хабарлама қызметі (карта бойынша жүргізілген операциялар туралы SMS-хабарлама) қосылған болса, онда нөмірді растау талап етілмейді.
3. Банктің тәулік бойы жұмыс істейтін авторизациялау орталығына қоңырау шалып, қызметке қосылуға болады.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, 3D Secure қызметіне тіркелу және құпиясөз алу қызметі тегін көрсетіледі.

Ал егер интернет-дүкен 3-D Secure технологиясымен (интернет-дүкендердің сайтында Verified by Visa логотипі орналастырылмаған) жұмыс істемесе, интернет-дүкеннің сұрауы бойынша картаның деректерін көрсете отырып, төлем жасауға болады екен. Бірақ ұл кезде төлем 3D Secure технологиясымен қорғалмайды.

Осылайша, заңгердің айтуынша, төлем картасының мерзімі мен оның артқы жағындағы қауіпсіздік кодын бөтен адамға айтуға болмайды. Ал картаны жоғалтып алған жағдайда оны бұғаттап, қайта карта жасатуға өтініш қалдыру керек.

Оқи отырыңыз: 

Шетелдегі демалыс: Төлем картасын пайдалану алдында не білу керек

Құжат жоғалтқанда не істеу қажет - Нұсқау

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети