ПОДЕЛИТЬСЯ
29 октября 2020 | 13:30
Банкте техникалық ақау болса азаматтардың дербес деректері қалай қорғалады? Министр жауабы
Банктердің жұмысында техникалық ақау болғанда жеке тұлғалардың деректері қорғалады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Банктердің жұмысында техникалық ақау болғанда жеке тұлғалардың деректері қорғалады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біріншіден, бұл банктер қол қойған келісім үшін жеке деректерді заңсыз қолданғаны үшін заңды тұлға ретінде жауап береді.
Екінші, екінші деңгейлі банктердің бәрі ақпараттандырудың критикалық маңызды нысандар тізіміне кіреді. Мұндай нысандар ақпараттандыруға қойылатын бірыңғай талапқа сай болуы керек. Яғни, олар қалай істеу керек және не істеу керек екені көрсетілген. Егер кімде-кімнің ЖШС-да немесе басқа мекемеде жеке деректерді пайдаланған жағдайлары болса, онда Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағым жаса алады. Біз аталған орынға барып, тексереміз.
Жалпы, біз ақпараттық қауіпсіздік шараларын ұсынып отырмыз. Сондықтан қазір бірінші кезеңде сенім бар, екінші деңгейлі банктермен (саны шектеулі) бұл сұрақтар талқыланып жатыр. Әрине, біз мемлекеттік қызметтер азаматтар үшін ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде көрсетілгенін қалаймыз. Сол себепті бизнесті осы жолға қоюға мүмкіндік беріп отырмыз", - деді Бағдат Мусин ОКҚ онлайн-брифингінде.
Еске салайық, 28 қазанда Кaspi.kz банкінің қосымшасында ақау шыққан еді. Олардың кейбірі шотындағы ақшаның азайғанын айтса, тағы біреуі керісінше шоттағы ақшаның көбейгенін хабарлаған. Банк өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, кейін ақау жойылған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также