ПОДЕЛИТЬСЯ
27 августа 2021 | 09:38
Бәрі жақсы болса, эвакуацияланғандарды бүгін үйіне қайтарамыз - Сапарбаев
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жағдай жақсы деп бағаланса, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде болған жарылыстардан кейін эвакуацияланған тұрғындар бүгін үйіне қайтарылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жағдай жақсы деп бағаланса, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде болған жарылыстардан кейін эвакуацияланған тұрғындар бүгін үйіне қайтарылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жарылыс болған жерге жақын орналасқан үш елді мекен бар. Оның ең жақыны - Қайнар (1 шақырым). Тағы екеуі 3 шақырым жерде орналасқан. Осы үш елді мекенде 718 адам тұрады. Кеше олардың барлығы біз дайындаған 10 мектеп, 5 колледж жатақханаларына орналастырылды. Соңында олардан 227 адам қалды. Қалғандары ағайын-туыстарына кетті", - деді әкім.
Бердібек Сапарбаев осы қалған 227 адам тамақ, сусындармен қамтамасыз етілгенін айтты.
"Жағдай дұрыс деп шешілсе, олардың барлығын үйіне қайтарамыз", - деді ол.
Тараз маңындағы алапат жарылыс: қазірге дейін не белгілі?
27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат шамамен 19.00-де қоймалардың бірінің маңында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.
Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также