ПОДЕЛИТЬСЯ
20 января 2021 | 11:08
Бас прокуратура Кореяда сотталған 25 қазақстандықты елге жеткізу шартын атады
Кореяда жазасын өтеп жатқан 25 қазақстандықты елге қайтаруға заң санкциялары толық сәйкес келеді. Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кореяда жазасын өтеп жатқан 25 қазақстандықты елге қайтаруға заң санкциялары толық сәйкес келеді. Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары Мәжілісте депутаттарға Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын таныстырды.
"Бүгінгі шарттың негізгі мақсаты - сотталғандар адамдарды өзара алмасу, оларды беру жолдарын реттеу.
Сотталған адамдар мынадай жағдайларда беріледі:
Осы талаптар сақталмаса сотталған адамдар берілмейді. Қазақстанға қайтарылған адам Корея сотының үімі бойынша өз жазасын өтейді. Егер Қазақстан мен Кореяның заңдары сәйкес болмаса, үлеспесе, онда сот үкімі біздің заңда көзделген жазаға сай келтіріледі. Алайда жазаның сипаты мен ұзақтығы Корея соты тағайындаған жазадан қатал болмауға тиіс. Бүгінгі таңда Кореяда 25 қазақстандық, ал Қазақстанда кореялық бір азамат жазасын өтеп жатыр. Ұсынылып отырған келісімге ратификация жасалған жағдайда бұл азаматтарды елге қайтаруға мүмкіндік туады. Олар елге келіп, әлеуметтік ортасында жазасын өтейді, қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді. ҚР-ның халықаралық шарттар туралы заңына сәйкес шарт ратификациялауға жатады. Себебі адам құқықтарына тікелей қатысты. Шартты қабылдау бюджеттен қосымша қаражат талап етпейді. Заңды қабылдаудың экономикалық, әлеуметтік және өзге де кері әсері жоқ", - деді Марат Ахметжанов.
Марат Ахметжановтың айтуынша, қазір Оңтүстік Кореяда тағы 26 қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оларға қатысты әзірге сот үкімі шықпаған.
Сондай-ақ, ол сотталған адамдарды беру кезінде азаматтардың келісімі міндетті түрде сұралатынын атап өтті.
Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасы мақұлданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также