01 февраля 2021 12:44

Бас санитар дәрігер Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтыру дерегі неге көбейгенін түсіндірді

Рахила Тлеуова Корреспондент

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада коронавирус жұқтырғандар санының көбею себебін түснідірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада коронавирус жұқтырғандар санының көбею себебін түснідірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалада коронавирус инфекциясын анықтайтын зертханалық диагностика кеңейтілді. Осы мақсатта 20 зертхана тәулігіне 12 750 зерттеу жасай алады. Қазір тәулігіне 4-5 мың талдау жасалып жатыр. Ауру жұқтырғандардың көбею себебі - тестілеу жасайтын адамдар санының көбеюі және қала тұрғындарының шектеу шараларын сақтамауы, адам көп шоғырланатын орындарға бару, көпшілік жиналатын шаралар өткізу", - деді Бейсенова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елодада коронавирус жұқтырғандар саны 22 284-ке жетті. Соның ішінде 20 471 адам жазылды, 381 науқас қайтыс болды. 1 ақпандағы жағдай бойынш Нұр-Сұлтан "сары" аймақта тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram