19 августа 2020 14:57

Басшы қызметкерлерінің заңбұзушылығын жасырмауы керек - Тоқаев

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрестегі басшылардың рөлін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек. Сондықтан, оны тек жазаға тартудан бөлек, ынталандыру да маңызды. Бұл  алдын ала жүйелі шаралар қабылдауға айтарлықтай септігін тигізеді. Әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс. Нақ осы тұста сыбайлас жемқорлыққа бару қатері көп болуы мүмкін. Сондықтан, әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін әзірлеуді тапсырды.

"Бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметіне жөнсіз араласуды доғарған жөн. Сыбайлас жемқорлық пен басқару ісіндегі олқылықтардың ара жігін нақты ажырата білу қажет", - деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтуді тапсырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram